Surah Al-Maeda Ayahs #94 Translated in Kazakh
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنْصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, иманға келгендер! Анығында мас қылатын ішімдіктер хамр және құмар ойындары майсир әрі табыну үшін қойылған нәрселер ансаб және бал ашатын таяқшалар әзләм жиіркенішті нәрселер, шайтанның ісінен. мұраттарыңа жету үшін оған жоламаңдар
إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَنْ يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَنْ ذِكْرِ اللَّهِ وَعَنِ الصَّلَاةِ ۖ فَهَلْ أَنْتُمْ مُنْتَهُونَ
Негізінен, шайтан мас қылатын ішімдіктер және құмар ойындар арқылы, араларыңа дұшпандық пен жек көрушілік салып, сендерді Аллаһты еске алудан және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаудан тосуды қалайды. Енді тыйыларсыңдар
وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَاحْذَرُوا ۚ فَإِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُوا أَنَّمَا عَلَىٰ رَسُولِنَا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар әрі сақ болыңдар. Егер бет бұрсаңдар, біліңдер, Біздің Елшімізге анық түрде жеткізу ғана міндет
لَيْسَ عَلَى الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جُنَاحٌ فِيمَا طَعِمُوا إِذَا مَا اتَّقَوْا وَآمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ثُمَّ اتَّقَوْا وَآمَنُوا ثُمَّ اتَّقَوْا وَأَحْسَنُوا ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ
Иманға келген және ізгі амал жасағандарға жеген нәрселерінде күнә жоқ, егер, қашан олар тақуалық етсе Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса! және сеніп, ізгі амал істесе содан кейін де тақуалық етсе Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса және сеніп, одан кейін және тақуалық етсе Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса әрі жақсылық істесе. Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَيَبْلُوَنَّكُمُ اللَّهُ بِشَيْءٍ مِنَ الصَّيْدِ تَنَالُهُ أَيْدِيكُمْ وَرِمَاحُكُمْ لِيَعْلَمَ اللَّهُ مَنْ يَخَافُهُ بِالْغَيْبِ ۚ فَمَنِ اعْتَدَىٰ بَعْدَ ذَٰلِكَ فَلَهُ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Аллаһ кім Өзінен ғайып түрде Өзін көрмей-ақ қорқатынын анықтау үшін Аллаһ сендерді ихрамда болғандарыңда аңшылық олжаға қатысты бір нәрсемен сынайды. Кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
