Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Humaza Translated in Kazakh

وَيْلٌ لِكُلِّ هُمَزَةٍ لُمَزَةٍ
Әрбір айып таққышқа, балағаттаушыға қасірет бар
الَّذِي جَمَعَ مَالًا وَعَدَّدَهُ
Сондай мал-дүние жиып, оны санаушыға
يَحْسَبُ أَنَّ مَالَهُ أَخْلَدَهُ
Ол байлығы, өзін мәңгі қалдырады деп ойлайды
كَلَّا ۖ لَيُنْبَذَنَّ فِي الْحُطَمَةِ
Жоқ, олай емес! Ол міндетті түрде Хутамаға тасталынады
وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحُطَمَةُ
«Хутаманың» не екенін саған не білдірді
نَارُ اللَّهِ الْمُوقَدَةُ
Ол Аллаһтың жандырылған оты
الَّتِي تَطَّلِعُ عَلَى الْأَفْئِدَةِ
сондай, жүректерге жететін
إِنَّهَا عَلَيْهِمْ مُؤْصَدَةٌ
Ақиқатында ол от олардың үстерінен жауып тұрады
فِي عَمَدٍ مُمَدَّدَةٍ
созылған діңгектермен