Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rahman Translated in Kazakh

الرَّحْمَٰنُ
әр-Рахман аса Қайырымды
عَلَّمَ الْقُرْآنَ
Құранды үйретті
خَلَقَ الْإِنْسَانَ
адамды жаратты
عَلَّمَهُ الْبَيَانَ
оған түсіндіріп жеткізуді үйретті
الشَّمْسُ وَالْقَمَرُ بِحُسْبَانٍ
Күн мен ай есеппен қозғалады
وَالنَّجْمُ وَالشَّجَرُ يَسْجُدَانِ
және жұлдыздар мен өсімдіктер сәжде етеді
وَالسَّمَاءَ رَفَعَهَا وَوَضَعَ الْمِيزَانَ
Әрі Ол аспанды көтерді және таразыны орнатты
أَلَّا تَطْغَوْا فِي الْمِيزَانِ
таразыда шектен шықпауларың үшін
وَأَقِيمُوا الْوَزْنَ بِالْقِسْطِ وَلَا تُخْسِرُوا الْمِيزَانَ
Өлшеуді де туралықпен орындаңдар және таразыда кемітпеңдер
وَالْأَرْضَ وَضَعَهَا لِلْأَنَامِ
Әрі Ол, жерді жаратылғандар үшін орнатты
Load More