Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahqaf Translated in Kazakh

حم
Ха. Мим
تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ
Бұл Кітап бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан түсірілген
مَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ وَالَّذِينَ كَفَرُوا عَمَّا أُنْذِرُوا مُعْرِضُونَ
Біз аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын тек ақиқатпен және белгіленген бір мерзіммен жараттық. Ал, кәпірлер өздеріне ескертіліп, сақтандырылғаннан теріс бұрылуда
قُلْ أَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْكٌ فِي السَّمَاوَاتِ ۖ ائْتُونِي بِكِتَابٍ مِنْ قَبْلِ هَٰذَا أَوْ أَثَارَةٍ مِنْ عِلْمٍ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені қай бөлігін жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда оны жаратуда үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған сөздеріңді растайтын осыдан Құраннан алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», деп
وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَنْ لَا يَسْتَجِيبُ لَهُ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُمْ عَنْ دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ
Аллаһтан өзге, Қайта тірілу күніне дейін өзіне жауап бермейтіндерге жалбарынғаннан өткен адасушы кім бар? Әрі бұлар табынған нәрселері олардың дұға тілектерінен хабарсыз
وَإِذَا حُشِرَ النَّاسُ كَانُوا لَهُمْ أَعْدَاءً وَكَانُوا بِعِبَادَتِهِمْ كَافِرِينَ
Ал, адамдар жиналған кезде қайта тірілу күні , бұлар табынғандары оларға серік қосушыларға! жау болады және олардың өздеріне құлшылық еткенінен бас тартады
وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ هَٰذَا سِحْرٌ مُبِينٌ
Ал, қашан оларға серік қосушыларға анық аяттарымыз оқылған кезде, өздеріне келген ақиқатқа күпірлік еткендер Аллаһқасенбегендер : «Бұл анық сиқыр», -дейді
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ ۖ قُلْ إِنِ افْتَرَيْتُهُ فَلَا تَمْلِكُونَ لِي مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ هُوَ أَعْلَمُ بِمَا تُفِيضُونَ فِيهِ ۖ كَفَىٰ بِهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۖ وَهُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан келетін ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді », деп
قُلْ مَا كُنْتُ بِدْعًا مِنَ الرُّسُلِ وَمَا أَدْرِي مَا يُفْعَلُ بِي وَلَا بِكُمْ ۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ وَمَا أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ مُبِينٌ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Мен елшілердің алғашқысыемеспін және маған да, сендерге де не істелінетінін білмеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін әрі мен бар болғаны анық ескертуші ғанамын», деп
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كَانَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَكَفَرْتُمْ بِهِ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ مِثْلِهِ فَآمَنَ وَاسْتَكْبَرْتُمْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл Құран Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер мойындамасаңдар әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға Тәуратқа куә болып, кейін Құранға сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», деп
Load More