Surah Aal-E-Imran Translated in Kazakh
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ
Аллаһ одан басқа құдай жоқ. Ол әл- Хайй мәңгі Тірі , әл-Қаййум бәріне тіршілік беріп, Басқарушы
نَزَّلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ وَأَنْزَلَ التَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ
Ей, Мұхаммед! Ол саған Кітапты Құранды , алдындағыны растаушы етіп, ақиқатпен түсірді. Әрі Ол Тәурат пен Інжілді түсірген
مِنْ قَبْلُ هُدًى لِلنَّاسِ وَأَنْزَلَ الْفُرْقَانَ ۗ إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِآيَاتِ اللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ شَدِيدٌ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ ذُو انْتِقَامٍ
адамдарға бұдан алдын тура жол етіп. Әрі Фурқанды айырушыны түсірді. Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік еткендерге мойындамағандарға, қарсы келгендерге қатты азап бар. Аллаһ бәрінен Үстем, жазалау күшіне Ие
إِنَّ اللَّهَ لَا يَخْفَىٰ عَلَيْهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ
Ақиқатында, Аллаһтан жердегі және аспандағы бірде-бір нәрсе жасырын қала алмайды
هُوَ الَّذِي يُصَوِّرُكُمْ فِي الْأَرْحَامِ كَيْفَ يَشَاءُ ۚ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Ол сендерге жатырларда Өз қалауынша бейне береді. Одан басқа ешбір құдай жоқ, Ол бәрінен үстем, аса Дана
هُوَ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ ۖ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَاءَ الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاءَ تَأْوِيلِهِ ۗ وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلَّا اللَّهُ ۗ وَالرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ يَقُولُونَ آمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ رَبِّنَا ۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّا أُولُو الْأَلْبَابِ
Ей, Мұхаммед! Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар Кітаптың анасы негізі . Әрі өзге, мағынасы астарлы аяттар да бар ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік фитна қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», дейді. Ал, ескертуді тек ақыл иелері ғана еске алады түсінеді
رَبَّنَا لَا تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً ۚ إِنَّكَ أَنْتَ الْوَهَّابُ
Раббымыз! Бізді тура жолға түсіргеннен кейін жүректерімізді ауытқытпа және бізге Өзіңнен бір мейірім сыйла. Ақиқатында, Сен сый берушісің әл-Уаһһаб
رَبَّنَا إِنَّكَ جَامِعُ النَّاسِ لِيَوْمٍ لَا رَيْبَ فِيهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُخْلِفُ الْمِيعَادَ
Раббымыз! Сен, адамдарды болуы күмәнсіз бір Күнге Жинаушысың. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَنْ تُغْنِيَ عَنْهُمْ أَمْوَالُهُمْ وَلَا أَوْلَادُهُمْ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمْ وَقُودُ النَّارِ
Күмәнсіз, күпірлік етушілердің Аллаһқа қарсы келушілердің мал-дүниелері де, балалары да Аллаһтан болатын ешбір нәрседен құтқара алмайды. Міне, солар Оттың отыны
Load More