Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Translated in Kazakh

الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أَنْزَلَ عَلَىٰ عَبْدِهِ الْكِتَابَ وَلَمْ يَجْعَلْ لَهُ عِوَجًا ۜ
Барлық мақтау Аллаһқа, сондай құлына Кітапты Құранды түсірген және онда Құранда ешбір қисықтық, ауытқу кемшілік жасамай
قَيِّمًا لِيُنْذِرَ بَأْسًا شَدِيدًا مِنْ لَدُنْهُ وَيُبَشِّرَ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا حَسَنًا
тура еткен. Ол арқылы Өзінен болатын қатты азапты ескерту және ізгі амал істейтін имандыларды мүміндерді оларға болатын көркем сыймен қуандыру үшін
مَاكِثِينَ فِيهِ أَبَدًا
Олар имандылар онда мәңгі тұрады
وَيُنْذِرَ الَّذِينَ قَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا
Әрі: «Аллаһ бала иемденді», деп айтқандарды ескерту үшін
مَا لَهُمْ بِهِ مِنْ عِلْمٍ وَلَا لِآبَائِهِمْ ۚ كَبُرَتْ كَلِمَةً تَخْرُجُ مِنْ أَفْوَاهِهِمْ ۚ إِنْ يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبًا
Бұл туралы оларда ешбір білім жоқ әрі олардың әкелерінде де. Олардың ауыздарынан шыққан сөз өте үлкен ауыр . Олар тек өтірікті ғана айтады
فَلَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَفْسَكَ عَلَىٰ آثَارِهِمْ إِنْ لَمْ يُؤْمِنُوا بِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَسَفًا
Ей, Мұхаммед! Олар осы сөзге Құранға сенбесе, сен қайғырып, олардың соңынан соларға бола , өзіңді құрта жаздайсың
إِنَّا جَعَلْنَا مَا عَلَى الْأَرْضِ زِينَةً لَهَا لِنَبْلُوَهُمْ أَيُّهُمْ أَحْسَنُ عَمَلًا
Ақиқатында, олардың қайсысы амал етуде жақсы екенін сынау үшін Біз жер үстіндегі бар нәрселерді, оның көркі етіп қойдық
وَإِنَّا لَجَاعِلُونَ مَا عَلَيْهَا صَعِيدًا جُرُزًا
Әрі шын мәнінде, Біз оның жердің үстіндегілердің барлығын құр топыраққа айналдырамыз
أَمْ حَسِبْتَ أَنَّ أَصْحَابَ الْكَهْفِ وَالرَّقِيمِ كَانُوا مِنْ آيَاتِنَا عَجَبًا
Ей, Мұхаммед! әлде сен үңгір және Рақим иелері Біздің белгілеріміздің ішіндегі таңғажайыбы деп ойладың ба
إِذْ أَوَى الْفِتْيَةُ إِلَى الْكَهْفِ فَقَالُوا رَبَّنَا آتِنَا مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً وَهَيِّئْ لَنَا مِنْ أَمْرِنَا رَشَدًا
Кезінде жас жігіттер үңгірді паналап: «Раббымыз! Бізге Өзіңнен мейірім нәсіп ет! Әрі ісімізде бізге туралық бер», деді
Load More