Surah Ibrahim Translated in Kazakh
الر ۚ كِتَابٌ أَنْزَلْنَاهُ إِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِ رَبِّهِمْ إِلَىٰ صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ
Әлиф, Ләм, Ра. Ей, Мұхаммед! Біз саған бұл Кітапты, адамдарды олардың Раббысының рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа шығаруың үшін түсірдік. Өте Үстем, аса Мақтаулының жолына
اللَّهِ الَّذِي لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَوَيْلٌ لِلْكَافِرِينَ مِنْ عَذَابٍ شَدِيدٍ
Ол Аллаһ сондай, аспандардағы және жердегі барлық нәрсе Онікі. Ал, кәпірлерге ауыр азаптан қасірет бар
الَّذِينَ يَسْتَحِبُّونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا عَلَى الْآخِرَةِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا ۚ أُولَٰئِكَ فِي ضَلَالٍ بَعِيدٍ
Олар осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен артық көреді әрі Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға бұрмалауға ұмтылады. Міне, солар ұзақ адасуда
وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا بِلِسَانِ قَوْمِهِ لِيُبَيِّنَ لَهُمْ ۖ فَيُضِلُّ اللَّهُ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Біз әрбір Елшіні, анық түсіндіруі үшін өз елінің тілімен жібердік. Аллаһ қалаған адамын адастырады, қалағанын тура жолға салады. Ол өте Үстем, аса Дана
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ بِآيَاتِنَا أَنْ أَخْرِجْ قَوْمَكَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ وَذَكِّرْهُمْ بِأَيَّامِ اللَّهِ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِكُلِّ صَبَّارٍ شَكُورٍ
Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен: «Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар және Аллаһтың күндерін олардың естеріне сал», деп жібердік. Ақиқатында, Мұнда әрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушіге Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушіге! ғибраттар бар
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ أَنْجَاكُمْ مِنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوءَ الْعَذَابِ وَيُذَبِّحُونَ أَبْنَاءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءَكُمْ ۚ وَفِي ذَٰلِكُمْ بَلَاءٌ مِنْ رَبِّكُمْ عَظِيمٌ
Сонда Мұса өз еліне: «Аллаһтың сендерді Фиръаунның әулетінен құтқарып, өздеріңе жасаған игілігін еске алыңдар. Олар, сендерді ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдырып, ең жаман азапқа салатын еді. Міне, осында сендерге, өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар», деген еді
وَإِذْ تَأَذَّنَ رَبُّكُمْ لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ ۖ وَلَئِنْ كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ
Әрі сонда сендердің Раббың: «Егер шүкір етсеңдер берген игіліктеріме алғыс білдірсеңдер!, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер игіліктерімді мойындамасаңдар , шын мәнінде азабым өте қатты», деп жариялады
وَقَالَ مُوسَىٰ إِنْ تَكْفُرُوا أَنْتُمْ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا فَإِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ حَمِيدٌ
Мұса: «Егер сендер және жер жүзіндегілердің барлығы күпірлік етсе де Раббысының игіліктерін мойындамаса да , анығында, Аллаһ онсыз да өте Бай, аса Мақтаулы
أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَبَأُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ قَوْمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ ۛ وَالَّذِينَ مِنْ بَعْدِهِمْ ۛ لَا يَعْلَمُهُمْ إِلَّا اللَّهُ ۚ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَرَدُّوا أَيْدِيَهُمْ فِي أَفْوَاهِهِمْ وَقَالُوا إِنَّا كَفَرْنَا بِمَا أُرْسِلْتُمْ بِهِ وَإِنَّا لَفِي شَكٍّ مِمَّا تَدْعُونَنَا إِلَيْهِ مُرِيبٍ
Сендерге өздеріңнен ілгері өткен Нұх, Ад және Сәмүд елдерінің әрі олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Оларға елшілері анық дәлелдермен келді. Сонда олар қолдарымен ауыздарын жауып әрі: «Біз сендер арқылы жіберілгенге сенбейміз және сендер бізді шақырып жатқан нәрседен күмән-күдіктеміз», деді
قَالَتْ رُسُلُهُمْ أَفِي اللَّهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يَدْعُوكُمْ لِيَغْفِرَ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرَكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۚ قَالُوا إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا تُرِيدُونَ أَنْ تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُنَا فَأْتُونَا بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ
Оларға жіберілген елшілер: «Аспандарды және жерді жоқтан бар еткен Аллаһ жайында сендерде күмән бар ма? Ол сендерді күнәларыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беру үшін шақырады», деді. Олар: «Сендер бар болғаны біз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер», деді
Load More