Surah Ibrahim Ayahs #13 Translated in Kazakh
أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَبَأُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ قَوْمِ نُوحٍ وَعَادٍ وَثَمُودَ ۛ وَالَّذِينَ مِنْ بَعْدِهِمْ ۛ لَا يَعْلَمُهُمْ إِلَّا اللَّهُ ۚ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَرَدُّوا أَيْدِيَهُمْ فِي أَفْوَاهِهِمْ وَقَالُوا إِنَّا كَفَرْنَا بِمَا أُرْسِلْتُمْ بِهِ وَإِنَّا لَفِي شَكٍّ مِمَّا تَدْعُونَنَا إِلَيْهِ مُرِيبٍ
Сендерге өздеріңнен ілгері өткен Нұх, Ад және Сәмүд елдерінің әрі олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Оларға елшілері анық дәлелдермен келді. Сонда олар қолдарымен ауыздарын жауып әрі: «Біз сендер арқылы жіберілгенге сенбейміз және сендер бізді шақырып жатқан нәрседен күмән-күдіктеміз», деді
قَالَتْ رُسُلُهُمْ أَفِي اللَّهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يَدْعُوكُمْ لِيَغْفِرَ لَكُمْ مِنْ ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرَكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُسَمًّى ۚ قَالُوا إِنْ أَنْتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُنَا تُرِيدُونَ أَنْ تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُنَا فَأْتُونَا بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ
Оларға жіберілген елшілер: «Аспандарды және жерді жоқтан бар еткен Аллаһ жайында сендерде күмән бар ма? Ол сендерді күнәларыңды кешіруі үшін және сендерге белгіленген мерзімге дейін мұрсат беру үшін шақырады», деді. Олар: «Сендер бар болғаны біз секілді адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыз табынып келгеннен қайтаруды қалайсыңдар. Қане, бізге анық дәлел келтіріңдер», деді
قَالَتْ لَهُمْ رُسُلُهُمْ إِنْ نَحْنُ إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَمُنُّ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۖ وَمَا كَانَ لَنَا أَنْ نَأْتِيَكُمْ بِسُلْطَانٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Оларға жіберілген елшілер: «Біз бар болғаны сендер секілді адамбыз. Бірақ Аллаһ құлдарынан Өзі қалағанына игілік көрсетеді. Біз сендерге Аллаһтың рұқсатымен болмаса, белгі дәлел келтіре алмаймыз. Имандылар мүміндер Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін
وَمَا لَنَا أَلَّا نَتَوَكَّلَ عَلَى اللَّهِ وَقَدْ هَدَانَا سُبُلَنَا ۚ وَلَنَصْبِرَنَّ عَلَىٰ مَا آذَيْتُمُونَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُتَوَكِّلُونَ
Бізді тура жолымызбен жүргізген Аллаһқа, біз ісімізді қалайша сеніп тапсырмаймыз тәуекел етпейміз . Біз сендердің көрсеткен жәбірлеріңе міндетті түрде сабыр етеміз. Біреуге жүгініп, сенім артушылар тәуекел етушілер , Аллаһқа ғана жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін », деді
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِرُسُلِهِمْ لَنُخْرِجَنَّكُمْ مِنْ أَرْضِنَا أَوْ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَا ۖ فَأَوْحَىٰ إِلَيْهِمْ رَبُّهُمْ لَنُهْلِكَنَّ الظَّالِمِينَ
Әрі сондай күпірлік еткендер Аллаһқа қарсы келгендер өз елшілеріне: «Біз сендерді міндетті түрде өз жерімізден шығарамыз немесе сендер біздің дінімізге қайтасыңдар», деді. Сонда оларға елшілерге Раббысы уахи етті: «Біз әділетсіздерді міндетті түрде жоямыз
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
