Quran Apps in many lanuages:

Surah Ibrahim Ayahs #16 Translated in Kazakh

وَمَا لَنَا أَلَّا نَتَوَكَّلَ عَلَى اللَّهِ وَقَدْ هَدَانَا سُبُلَنَا ۚ وَلَنَصْبِرَنَّ عَلَىٰ مَا آذَيْتُمُونَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُتَوَكِّلُونَ
Бізді тура жолымызбен жүргізген Аллаһқа, біз ісімізді қалайша сеніп тапсырмаймыз тәуекел етпейміз . Біз сендердің көрсеткен жәбірлеріңе міндетті түрде сабыр етеміз. Біреуге жүгініп, сенім артушылар тәуекел етушілер , Аллаһқа ғана жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін », деді
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِرُسُلِهِمْ لَنُخْرِجَنَّكُمْ مِنْ أَرْضِنَا أَوْ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَا ۖ فَأَوْحَىٰ إِلَيْهِمْ رَبُّهُمْ لَنُهْلِكَنَّ الظَّالِمِينَ
Әрі сондай күпірлік еткендер Аллаһқа қарсы келгендер өз елшілеріне: «Біз сендерді міндетті түрде өз жерімізден шығарамыз немесе сендер біздің дінімізге қайтасыңдар», деді. Сонда оларға елшілерге Раббысы уахи етті: «Біз әділетсіздерді міндетті түрде жоямыз
وَلَنُسْكِنَنَّكُمُ الْأَرْضَ مِنْ بَعْدِهِمْ ۚ ذَٰلِكَ لِمَنْ خَافَ مَقَامِي وَخَافَ وَعِيدِ
және олардан кейін сендерді сол жерге орналастырамыз. Бұл Менің алдымда тұрудан қауіп еткендер және Менің ескертуімнен қорыққандар үшін», -деп
وَاسْتَفْتَحُوا وَخَابَ كُلُّ جَبَّارٍ عَنِيدٍ
Әрі олар шешім шығаруын сұрады, алайда, әрбір қасарысқан зәбір көрсетуші зиянға ұшырады
مِنْ وَرَائِهِ جَهَنَّمُ وَيُسْقَىٰ مِنْ مَاءٍ صَدِيدٍ
Оның артынан зияннан кейін Жаһаннам (Тозақ) бар. Әрі оған іріңнен су ішкізіледі

Choose other languages: