Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahqaf Ayahs #5 Translated in Kazakh

حم
Ха. Мим
تَنْزِيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ
Бұл Кітап бәрінен Үстем, аса Дана Аллаһтан түсірілген
مَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُسَمًّى ۚ وَالَّذِينَ كَفَرُوا عَمَّا أُنْذِرُوا مُعْرِضُونَ
Біз аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын тек ақиқатпен және белгіленген бір мерзіммен жараттық. Ал, кәпірлер өздеріне ескертіліп, сақтандырылғаннан теріс бұрылуда
قُلْ أَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَرُونِي مَاذَا خَلَقُوا مِنَ الْأَرْضِ أَمْ لَهُمْ شِرْكٌ فِي السَّمَاوَاتِ ۖ ائْتُونِي بِكِتَابٍ مِنْ قَبْلِ هَٰذَا أَوْ أَثَارَةٍ مِنْ عِلْمٍ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені қай бөлігін жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда оны жаратуда үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған сөздеріңді растайтын осыдан Құраннан алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», деп
وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنْ يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَنْ لَا يَسْتَجِيبُ لَهُ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ وَهُمْ عَنْ دُعَائِهِمْ غَافِلُونَ
Аллаһтан өзге, Қайта тірілу күніне дейін өзіне жауап бермейтіндерге жалбарынғаннан өткен адасушы кім бар? Әрі бұлар табынған нәрселері олардың дұға тілектерінен хабарсыз

Choose other languages: