Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #30 Translated in Kazakh

اللَّهُ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ وَفَرِحُوا بِالْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَمَا الْحَيَاةُ الدُّنْيَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا مَتَاعٌ
Аллаһ қалаған құлына ризықты кеңітіп не тарылтып қояды. Ал, олар қарсы келушілер осы өмірге қуанып, мәз болуда. Бірақ осы өмір кейінгі соңғы мәңгілік өмірге ақиретке қарағанда уақытша пайдалану ғана
وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۗ قُلْ إِنَّ اللَّهَ يُضِلُّ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي إِلَيْهِ مَنْ أَنَابَ
Әрі сондай күпірлік етушілер иманға келмегендер : «Оған неге Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ қалаған құлын адастырып, ал Өзіне бойсұнып қайтушыны тәубеге келушіні тура жолға салады», деп
الَّذِينَ آمَنُوا وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُمْ بِذِكْرِ اللَّهِ ۗ أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ
Солар иманға келгендер және Аллаһтың Еске салуымен Құранмен жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Аллаһтың Еске салуымен Құранмен тыныштық тауып, орнығады
الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ طُوبَىٰ لَهُمْ وَحُسْنُ مَآبٍ
Сондай иманға келген және ізгі амал жасағандарға Туба (Жәннаттағы игі ағаш) әрі қайтар орынның көркемі бар
كَذَٰلِكَ أَرْسَلْنَاكَ فِي أُمَّةٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهَا أُمَمٌ لِتَتْلُوَ عَلَيْهِمُ الَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَهُمْ يَكْفُرُونَ بِالرَّحْمَٰنِ ۚ قُلْ هُوَ رَبِّي لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ مَتَابِ
Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын өзге үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға аса Мейірімдіге күпірлік етуде сенбеуде, қарсы келуде . Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым тәуекел еттім әрі Оған тәубе етемін бойсұнуға қайтамын », деп

Choose other languages: