Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #31 Translated in Kazakh

وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْلَا أُنْزِلَ عَلَيْهِ آيَةٌ مِنْ رَبِّهِ ۗ قُلْ إِنَّ اللَّهَ يُضِلُّ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي إِلَيْهِ مَنْ أَنَابَ
Әрі сондай күпірлік етушілер иманға келмегендер : «Оған неге Раббысынан бір мұғжиза түсірілмейді?» дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ қалаған құлын адастырып, ал Өзіне бойсұнып қайтушыны тәубеге келушіні тура жолға салады», деп
الَّذِينَ آمَنُوا وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُمْ بِذِكْرِ اللَّهِ ۗ أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ
Солар иманға келгендер және Аллаһтың Еске салуымен Құранмен жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Аллаһтың Еске салуымен Құранмен тыныштық тауып, орнығады
الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ طُوبَىٰ لَهُمْ وَحُسْنُ مَآبٍ
Сондай иманға келген және ізгі амал жасағандарға Туба (Жәннаттағы игі ағаш) әрі қайтар орынның көркемі бар
كَذَٰلِكَ أَرْسَلْنَاكَ فِي أُمَّةٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهَا أُمَمٌ لِتَتْلُوَ عَلَيْهِمُ الَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَهُمْ يَكْفُرُونَ بِالرَّحْمَٰنِ ۚ قُلْ هُوَ رَبِّي لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ مَتَابِ
Ей, Мұхаммед И Осылай етіп Біз сені өзіңе уахи еткенімізді оқуың үшін өздерінен бұрын өзге үмметтер өткен елге жібердік. Ал, олар әр-Рахманға аса Мейірімдіге күпірлік етуде сенбеуде, қарсы келуде . Айт: «Ол менің Раббым, Одан басқа ешқандай құдай жоқ. Мен Аллаһқа жүгініп, Оған ісімді тапсырдым тәуекел еттім әрі Оған тәубе етемін бойсұнуға қайтамын », деп
وَلَوْ أَنَّ قُرْآنًا سُيِّرَتْ بِهِ الْجِبَالُ أَوْ قُطِّعَتْ بِهِ الْأَرْضُ أَوْ كُلِّمَ بِهِ الْمَوْتَىٰ ۗ بَلْ لِلَّهِ الْأَمْرُ جَمِيعًا ۗ أَفَلَمْ يَيْأَسِ الَّذِينَ آمَنُوا أَنْ لَوْ يَشَاءُ اللَّهُ لَهَدَى النَّاسَ جَمِيعًا ۗ وَلَا يَزَالُ الَّذِينَ كَفَرُوا تُصِيبُهُمْ بِمَا صَنَعُوا قَارِعَةٌ أَوْ تَحُلُّ قَرِيبًا مِنْ دَارِهِمْ حَتَّىٰ يَأْتِيَ وَعْدُ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يُخْلِفُ الْمِيعَادَ
Әрі олар : «Егер, бір Кітап болып, ол арқылы таулар жүргізіліп, немесе онымен жер тілімдене айрылып немесе онымен өліктер сөйлетілетін болғанда?» деді. Жоқ! Барлық әмір билік, бұйрық, іс Аллаһта. Иманға келгендер, Аллаһ егер қалағанда, адамдардың барлығын тура жолмен жүргізетінін білмей ме? Ал, сондай күпірлік еткендерге Аллаһқақарсы келгендерге істеген істері үшін пәлекеттер тиеді немесе олардың тұрақ, мекендеріне жақын жерде болады. Бұл Аллаһтың уәдесі келгенге дейін жалғасады. Ақиқатында, Аллаһ уәдені бұзбайды

Choose other languages: