Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #162 Translated in Kazakh

بَلْ رَفَعَهُ اللَّهُ إِلَيْهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз жағына көтерді. Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана
وَإِنْ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ إِلَّا لَيُؤْمِنَنَّ بِهِ قَبْلَ مَوْتِهِ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكُونُ عَلَيْهِمْ شَهِيدًا
Кітап берілген қауымнан оның Исаның өлуінен бұрын оған сенім келтірмейтіндері болмайды. Ал, Қайта тірілу күні ол, оларға куә болады
فَبِظُلْمٍ مِنَ الَّذِينَ هَادُوا حَرَّمْنَا عَلَيْهِمْ طَيِّبَاتٍ أُحِلَّتْ لَهُمْ وَبِصَدِّهِمْ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ كَثِيرًا
Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың адамдарды Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген халал жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік
وَأَخْذِهِمُ الرِّبَا وَقَدْ نُهُوا عَنْهُ وَأَكْلِهِمْ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік
لَٰكِنِ الرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ مِنْهُمْ وَالْمُؤْمِنُونَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ ۚ وَالْمُقِيمِينَ الصَّلَاةَ ۚ وَالْمُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَالْمُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أُولَٰئِكَ سَنُؤْتِيهِمْ أَجْرًا عَظِيمًا
Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және ей, Мұхаммед, саған түсірілгенге Құранға әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, міне, соларға ұлы сый береміз

Choose other languages: