Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #164 Translated in Kazakh

فَبِظُلْمٍ مِنَ الَّذِينَ هَادُوا حَرَّمْنَا عَلَيْهِمْ طَيِّبَاتٍ أُحِلَّتْ لَهُمْ وَبِصَدِّهِمْ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ كَثِيرًا
Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың адамдарды Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген халал жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік
وَأَخْذِهِمُ الرِّبَا وَقَدْ نُهُوا عَنْهُ وَأَكْلِهِمْ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік
لَٰكِنِ الرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ مِنْهُمْ وَالْمُؤْمِنُونَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ ۚ وَالْمُقِيمِينَ الصَّلَاةَ ۚ وَالْمُؤْتُونَ الزَّكَاةَ وَالْمُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أُولَٰئِكَ سَنُؤْتِيهِمْ أَجْرًا عَظِيمًا
Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және ей, Мұхаммед, саған түсірілгенге Құранға әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, міне, соларға ұлы сый береміз
إِنَّا أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ كَمَا أَوْحَيْنَا إِلَىٰ نُوحٍ وَالنَّبِيِّينَ مِنْ بَعْدِهِ ۚ وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطِ وَعِيسَىٰ وَأَيُّوبَ وَيُونُسَ وَهَارُونَ وَسُلَيْمَانَ ۚ وَآتَيْنَا دَاوُودَ زَبُورًا
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік. Сондай-ақ, Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа, оның әулетіне әрі Исаға, Айубқа, Йунусқа, Һарунға әрі Сүлейменге де уахи еттік. Ал Дәуітке Зәбурді бердік
وَرُسُلًا قَدْ قَصَصْنَاهُمْ عَلَيْكَ مِنْ قَبْلُ وَرُسُلًا لَمْ نَقْصُصْهُمْ عَلَيْكَ ۚ وَكَلَّمَ اللَّهُ مُوسَىٰ تَكْلِيمًا
Әрі олардан, саған бұрын хабарын берген елшілер де және хабарын бермеген елшілер де бар. Әрі Аллаһ Мұсамен сөйлескен

Choose other languages: