Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #161 Translated in Kazakh

وَقَوْلِهِمْ إِنَّا قَتَلْنَا الْمَسِيحَ عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ رَسُولَ اللَّهِ وَمَا قَتَلُوهُ وَمَا صَلَبُوهُ وَلَٰكِنْ شُبِّهَ لَهُمْ ۚ وَإِنَّ الَّذِينَ اخْتَلَفُوا فِيهِ لَفِي شَكٍّ مِنْهُ ۚ مَا لَهُمْ بِهِ مِنْ عِلْمٍ إِلَّا اتِّبَاعَ الظَّنِّ ۚ وَمَا قَتَلُوهُ يَقِينًا
және: «Біз Аллаһтың Елшісі, Мәриям ұлы Иса Мәсихты өлтірдік», деп айтқандары себепті. Негізінде, олар оны өлтірген де жоқ, айқыш ағашқа керген де жоқ. Бірақ, оларға басқа біреу ұқсас көрінді. Әрі анығында, ол жайында қайшылыққа түскендер, одан бір күмәнда. Оларда ол жайында жорамалға ілесуден басқа ешқандай білім жоқ. Әрі олар оны анық біліп өлтірмеді
بَلْ رَفَعَهُ اللَّهُ إِلَيْهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз жағына көтерді. Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана
وَإِنْ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ إِلَّا لَيُؤْمِنَنَّ بِهِ قَبْلَ مَوْتِهِ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ يَكُونُ عَلَيْهِمْ شَهِيدًا
Кітап берілген қауымнан оның Исаның өлуінен бұрын оған сенім келтірмейтіндері болмайды. Ал, Қайта тірілу күні ол, оларға куә болады
فَبِظُلْمٍ مِنَ الَّذِينَ هَادُوا حَرَّمْنَا عَلَيْهِمْ طَيِّبَاتٍ أُحِلَّتْ لَهُمْ وَبِصَدِّهِمْ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ كَثِيرًا
Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың адамдарды Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген халал жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік
وَأَخْذِهِمُ الرِّبَا وَقَدْ نُهُوا عَنْهُ وَأَكْلِهِمْ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ ۚ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ مِنْهُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік

Choose other languages: