Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #18 Translated in Kazakh

وَمِنَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّا نَصَارَىٰ أَخَذْنَا مِيثَاقَهُمْ فَنَسُوا حَظًّا مِمَّا ذُكِّرُوا بِهِ فَأَغْرَيْنَا بَيْنَهُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاءَ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۚ وَسَوْفَ يُنَبِّئُهُمُ اللَّهُ بِمَا كَانُوا يَصْنَعُونَ
Сондай-ақ: «Біз христианбыз», деп айтқандардың да сертін алған едік. Олар да өздеріне ескертілгеннің бір бөлігін ұмытты. Сонда олардың араларына Қайта тірілу күніне дейін дұшпандық пен жек көрушілік салдық. Жақын арада Аллаһ Оларға не істегендерін хабарлайды
يَا أَهْلَ الْكِتَابِ قَدْ جَاءَكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ كَثِيرًا مِمَّا كُنْتُمْ تُخْفُونَ مِنَ الْكِتَابِ وَيَعْفُو عَنْ كَثِيرٍ ۚ قَدْ جَاءَكُمْ مِنَ اللَّهِ نُورٌ وَكِتَابٌ مُبِينٌ
Ей, Кітап берілген қауым! Ақиқатында сендерге Біздің Елшіміз келді. Ол Елші Кітаптан сендер жасырып келгендеріңнің көбін өздеріңе түсіндіреді әрі көбісін елеусіз қалдырады. Негізінде сендерге Аллаһтан нұр, анық Кітап Құран келді
يَهْدِي بِهِ اللَّهُ مَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَهُ سُبُلَ السَّلَامِ وَيُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِهِ وَيَهْدِيهِمْ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ
Аллаһ онымен Құранмен Өзінің ризалығын іздегендерді амандық жолдарына салады және оларды Өз рұқсатымен қараңғылықтардан жарыққа шығарады және тура жолмен жүргізеді
لَقَدْ كَفَرَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ هُوَ الْمَسِيحُ ابْنُ مَرْيَمَ ۚ قُلْ فَمَنْ يَمْلِكُ مِنَ اللَّهِ شَيْئًا إِنْ أَرَادَ أَنْ يُهْلِكَ الْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا ۗ وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۚ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Ақиқатында, «Аллаһ, ол Мәриям ұлы Мәсих», деп айтқандар кәпір бол­ды. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер Аллаһ Мәриям ұлы Мәсихті әрі оның анасын және жер жүзіндегілердің барлығын жойып жіберуді қаласа, Аллаһтан болған нәрсеге азапқа кім иелік ете алады?!» деп. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта. Ол қалағанын жаратады әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
وَقَالَتِ الْيَهُودُ وَالنَّصَارَىٰ نَحْنُ أَبْنَاءُ اللَّهِ وَأَحِبَّاؤُهُ ۚ قُلْ فَلِمَ يُعَذِّبُكُمْ بِذُنُوبِكُمْ ۖ بَلْ أَنْتُمْ بَشَرٌ مِمَّنْ خَلَقَ ۚ يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَلِلَّهِ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ وَإِلَيْهِ الْمَصِيرُ
Әрі иудейлер мен христиандар: «Біз Аллаһтың ұлдарымыз және Оның сүйіктілеріміз», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Олай болса, Ол неге сендерді күнәларың үшін азаптайды? Керісінше, сендер Ол жаратқан өзгелер секілді адамсыңдар. Ол қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Аллаһта әрі қайту да Оған

Choose other languages: