Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #40 Translated in Kazakh

فَأَزَلَّهُمَا الشَّيْطَانُ عَنْهَا فَأَخْرَجَهُمَا مِمَّا كَانَا فِيهِ ۖ وَقُلْنَا اهْبِطُوا بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ ۖ وَلَكُمْ فِي الْأَرْضِ مُسْتَقَرٌّ وَمَتَاعٌ إِلَىٰ حِينٍ
Шайтан ол екеуін одан сүріндіріп, қателестірді, сөйтіп оларды болған мекендерінен шығарды. Біз: «Түсіңдер! Сендер бір-біріңе жаусыңдар. Жерде сендер үшін бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», дедік
فَتَلَقَّىٰ آدَمُ مِنْ رَبِّهِ كَلِمَاتٍ فَتَابَ عَلَيْهِ ۚ إِنَّهُ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
Сол кезде Адам Раббысынан бір сөздерді қабыл алып кешірім сұрағанда , Ол оның күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын тәубесін қабыл алды. Анығында, Ол тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді
قُلْنَا اهْبِطُوا مِنْهَا جَمِيعًا ۖ فَإِمَّا يَأْتِيَنَّكُمْ مِنِّي هُدًى فَمَنْ تَبِعَ هُدَايَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
«Барлығың одан Жәннаттан түсіңдер. Менен сендерге тура жол келген кезде, кім Менің тура жолыма ерсе, оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», дедік
وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, аяттарымызға күпірлік еткендер қарсы келгендер және өтірік деп санағандар, міне, солар Отқа тозаққа түсетіндер. Олар онда мәңгі қалушылар
يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُوا نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَوْفُوا بِعَهْدِي أُوفِ بِعَهْدِكُمْ وَإِيَّايَ فَارْهَبُونِ
Ей, Исраил ұрпақтары! Менің сендерге берген игілігімді еске алыңдар және Менің сертіме берік болыңдар, Мен де сендерге берген сертті сақтаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар

Choose other languages: