Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #120 Translated in Kazakh

وَقَالُوا اتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۖ بَلْ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ كُلٌّ لَهُ قَانِتُونَ
Әрі олар: «Аллаһ Өзіне бала иемденді», деді. Ол барлық кемшіліктен пәк. Негізінде, аспандардағы және жердегілер Онікі, барлық нәрселер Оған бағынушы
بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَإِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ
Ол аспандарды және жерді жоқтан бар етуші . Егер бір нәрсенің бар болуын белгілесе,оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол болады
وَقَالَ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ لَوْلَا يُكَلِّمُنَا اللَّهُ أَوْ تَأْتِينَا آيَةٌ ۗ كَذَٰلِكَ قَالَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ مِثْلَ قَوْلِهِمْ ۘ تَشَابَهَتْ قُلُوبُهُمْ ۗ قَدْ بَيَّنَّا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يُوقِنُونَ
Әрі білмейтіндер мүшріктер : «Аллаһ бізбен сөйлессе немесе бізге бір белгі келсе еді», деді. Дәл осылай, олардың сөздеріне ұқсас сөзді, олардан алдын өткендер де айтқан еді. Олардың жүректері бір-біріне ұқсайды. Ақиқатында, Біз, айқын сенетін адамдарға аяттарды түсіндіріп бердік
إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ بِالْحَقِّ بَشِيرًا وَنَذِيرًا ۖ وَلَا تُسْأَلُ عَنْ أَصْحَابِ الْجَحِيمِ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз сені қуандырушы әрі ескертуші етіп, ақиқатпен жібердік. Сен Тозаққа түскендер жөнінде сұралмайсың
وَلَنْ تَرْضَىٰ عَنْكَ الْيَهُودُ وَلَا النَّصَارَىٰ حَتَّىٰ تَتَّبِعَ مِلَّتَهُمْ ۗ قُلْ إِنَّ هُدَى اللَّهِ هُوَ الْهُدَىٰ ۗ وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءَهُمْ بَعْدَ الَّذِي جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ ۙ مَا لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Иудейлер де, христиандар да олардың діндеріне ермейінше, сенен мүлдем разы болмайды. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың жолы басшылығы тура жол басшылық », деп. Егер өзіңе келген білімнен кейін олардың көңіл құмарлықтарына ерсең, Аллаһтан саған не қамқорлық етуші, не көмек беруші болмайды

Choose other languages: