Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #123 Translated in Kazakh

إِنَّا أَرْسَلْنَاكَ بِالْحَقِّ بَشِيرًا وَنَذِيرًا ۖ وَلَا تُسْأَلُ عَنْ أَصْحَابِ الْجَحِيمِ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, Біз сені қуандырушы әрі ескертуші етіп, ақиқатпен жібердік. Сен Тозаққа түскендер жөнінде сұралмайсың
وَلَنْ تَرْضَىٰ عَنْكَ الْيَهُودُ وَلَا النَّصَارَىٰ حَتَّىٰ تَتَّبِعَ مِلَّتَهُمْ ۗ قُلْ إِنَّ هُدَى اللَّهِ هُوَ الْهُدَىٰ ۗ وَلَئِنِ اتَّبَعْتَ أَهْوَاءَهُمْ بَعْدَ الَّذِي جَاءَكَ مِنَ الْعِلْمِ ۙ مَا لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ وَلِيٍّ وَلَا نَصِيرٍ
Иудейлер де, христиандар да олардың діндеріне ермейінше, сенен мүлдем разы болмайды. Ей, Мұхаммед! Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың жолы басшылығы тура жол басшылық », деп. Егер өзіңе келген білімнен кейін олардың көңіл құмарлықтарына ерсең, Аллаһтан саған не қамқорлық етуші, не көмек беруші болмайды
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَتْلُونَهُ حَقَّ تِلَاوَتِهِ أُولَٰئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِ ۗ وَمَنْ يَكْفُرْ بِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ
Біз Кітап бергендерден оны лайықты түрде оқығандар, оған сенеді. Ал, кім оған күпірлік етсе сенбесе, мойындамаса , міне, солар нағыз зиян тартушылар
يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُوا نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ
Ей, Исраил ұрпақтары! Сендерге берген игіліктерімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
وَاتَّقُوا يَوْمًا لَا تَجْزِي نَفْسٌ عَنْ نَفْسٍ شَيْئًا وَلَا يُقْبَلُ مِنْهَا عَدْلٌ وَلَا تَنْفَعُهَا شَفَاعَةٌ وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ
Әрі біреу өзге біреуге ешқандай пайда бере алмайтын, одан күнәсін өтейтін төлем алынбайтын әрі шапағат ету ара түсу көмектеспейтін және оларға жәрдем берілмейтін Күннен қорқып, сақтаныңдар

Choose other languages: