Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #126 Translated in Kazakh

يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُوا نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ
Ей, Исраил ұрпақтары! Сендерге берген игіліктерімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар
وَاتَّقُوا يَوْمًا لَا تَجْزِي نَفْسٌ عَنْ نَفْسٍ شَيْئًا وَلَا يُقْبَلُ مِنْهَا عَدْلٌ وَلَا تَنْفَعُهَا شَفَاعَةٌ وَلَا هُمْ يُنْصَرُونَ
Әрі біреу өзге біреуге ешқандай пайда бере алмайтын, одан күнәсін өтейтін төлем алынбайтын әрі шапағат ету ара түсу көмектеспейтін және оларға жәрдем берілмейтін Күннен қорқып, сақтаныңдар
وَإِذِ ابْتَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ رَبُّهُ بِكَلِمَاتٍ فَأَتَمَّهُنَّ ۖ قَالَ إِنِّي جَاعِلُكَ لِلنَّاسِ إِمَامًا ۖ قَالَ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي ۖ قَالَ لَا يَنَالُ عَهْدِي الظَّالِمِينَ
Кезінде Ибраһимді Раббысы бір сөздермен бұйрық және тыйымдармен сынағанда, ол оларды толық орындады.Ол Аллаһ айтты: «Ақиқатында, Мен сені адамдарға имам жетекші етемін», деп. Ол: «Менің ұрпағымнан да», деді. Аллаһ : «Менің уәдем әділетсіздерді қамтымайды», деді
وَإِذْ جَعَلْنَا الْبَيْتَ مَثَابَةً لِلنَّاسِ وَأَمْنًا وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى ۖ وَعَهِدْنَا إِلَىٰ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ أَنْ طَهِّرَا بَيْتِيَ لِلطَّائِفِينَ وَالْعَاكِفِينَ وَالرُّكَّعِ السُّجُودِ
Біз Үйді Қағбаны адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын мақамын намаз оқитын жер етіп алыңдар. Біз Ибраһим мен Исмаъилға: «Екеуің Үйімді Қағбаны тәуап етушілер, құлшылық етіп отырушылар , рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазартыңдар», деп тапсырдық
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَٰذَا بَلَدًا آمِنًا وَارْزُقْ أَهْلَهُ مِنَ الثَّمَرَاتِ مَنْ آمَنَ مِنْهُمْ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۖ قَالَ وَمَنْ كَفَرَ فَأُمَتِّعُهُ قَلِيلًا ثُمَّ أَضْطَرُّهُ إِلَىٰ عَذَابِ النَّارِ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Сонда Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы Меккені бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет», деді. Ол Аллаһ :«Күпірлік еткендерді қарсы келушілерді де аз ғана пайдаландырып, кейін От тозақ азабына мәжбүр етемін. Ол баратын жер қандай жаман!» деді

Choose other languages: