Surah Al-Ahqaf Ayahs #14 Translated in Kazakh
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كَانَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَكَفَرْتُمْ بِهِ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ مِثْلِهِ فَآمَنَ وَاسْتَكْبَرْتُمْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл Құран Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер мойындамасаңдар әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға Тәуратқа куә болып, кейін Құранға сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», деп
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا لَوْ كَانَ خَيْرًا مَا سَبَقُونَا إِلَيْهِ ۚ وَإِذْ لَمْ يَهْتَدُوا بِهِ فَسَيَقُولُونَ هَٰذَا إِفْكٌ قَدِيمٌ
Әрі сондай күпірлік етушілер Құранды теріске шығарушылар иманға келгендер жайлы: «Егер де ол Құран жақсылық болғанда, онда олар оған сенуде бізден озбас оны алдын біз қабылдар едік еді», деді. Өздері онымен тура жол таппағандықтан: «Бұл ежелгі өтірік», дейді
وَمِنْ قَبْلِهِ كِتَابُ مُوسَىٰ إِمَامًا وَرَحْمَةً ۚ وَهَٰذَا كِتَابٌ مُصَدِّقٌ لِسَانًا عَرَبِيًّا لِيُنْذِرَ الَّذِينَ ظَلَمُوا وَبُشْرَىٰ لِلْمُحْسِنِينَ
Ал, бұдан Құраннан алдын жетекші әрі мейірім Мұсаның кітабы болды. Ал бұл Құран араб тілінде, алдыңғы кітаптарды растаушы, әділетсіздерді ескерту әрі жақсылықты ықыласпен істеушілерге қуанышты хабар ретінде түсірілген Кітап
إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Анығында: «Раббымыз Аллаһ» деп, кейін тура жолды ұстанғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Міне, осылар жәннаттық. Олар істеп өткен амалдарының қайтарым сыйы ретінде, ол жерде мәңгі қалады
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
