Surah Al-Ahqaf Ayahs #17 Translated in Kazakh
إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Анығында: «Раббымыз Аллаһ» деп, кейін тура жолды ұстанғандарға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ خَالِدِينَ فِيهَا جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Міне, осылар жәннаттық. Олар істеп өткен амалдарының қайтарым сыйы ретінде, ол жерде мәңгі қалады
وَوَصَّيْنَا الْإِنْسَانَ بِوَالِدَيْهِ إِحْسَانًا ۖ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ كُرْهًا وَوَضَعَتْهُ كُرْهًا ۖ وَحَمْلُهُ وَفِصَالُهُ ثَلَاثُونَ شَهْرًا ۚ حَتَّىٰ إِذَا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَبَلَغَ أَرْبَعِينَ سَنَةً قَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَصْلِحْ لِي فِي ذُرِّيَّتِي ۖ إِنِّي تُبْتُ إِلَيْكَ وَإِنِّي مِنَ الْمُسْلِمِينَ
Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны құрсағында ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді алғыс, разылық білдіруімді және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым тәубе еттім . Мен мұсылмандарданмын бойсұнушыларданмын », дейді
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ نَتَقَبَّلُ عَنْهُمْ أَحْسَنَ مَا عَمِلُوا وَنَتَجَاوَزُ عَنْ سَيِّئَاتِهِمْ فِي أَصْحَابِ الْجَنَّةِ ۖ وَعْدَ الصِّدْقِ الَّذِي كَانُوا يُوعَدُونَ
Міне, осылардың істеген барлық жақсы амалдарын қабыл етеміз және жамандықтарын кешіреміз, оларға берілген шын уәде бойынша олар жәннаттықтардан болады
وَالَّذِي قَالَ لِوَالِدَيْهِ أُفٍّ لَكُمَا أَتَعِدَانِنِي أَنْ أُخْرَجَ وَقَدْ خَلَتِ الْقُرُونُ مِنْ قَبْلِي وَهُمَا يَسْتَغِيثَانِ اللَّهَ وَيْلَكَ آمِنْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَيَقُولُ مَا هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сендерден! Сен екеуің мені, қабірден шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі хақ», дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», дейді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
