Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Ahqaf Ayahs #20 Translated in Kazakh

أُولَٰئِكَ الَّذِينَ نَتَقَبَّلُ عَنْهُمْ أَحْسَنَ مَا عَمِلُوا وَنَتَجَاوَزُ عَنْ سَيِّئَاتِهِمْ فِي أَصْحَابِ الْجَنَّةِ ۖ وَعْدَ الصِّدْقِ الَّذِي كَانُوا يُوعَدُونَ
Міне, осылардың істеген барлық жақсы амалдарын қабыл етеміз және жамандықтарын кешіреміз, оларға берілген шын уәде бойынша олар жәннаттықтардан болады
وَالَّذِي قَالَ لِوَالِدَيْهِ أُفٍّ لَكُمَا أَتَعِدَانِنِي أَنْ أُخْرَجَ وَقَدْ خَلَتِ الْقُرُونُ مِنْ قَبْلِي وَهُمَا يَسْتَغِيثَانِ اللَّهَ وَيْلَكَ آمِنْ إِنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ فَيَقُولُ مَا هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ
Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сен­дерден! Сен екеуің мені, қабірден шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі хақ», дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», дейді
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ الْقَوْلُ فِي أُمَمٍ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِمْ مِنَ الْجِنِّ وَالْإِنْسِ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا خَاسِرِينَ
Міне, солар өздеріне, олардан ал­дын өткен жындар мен адамдар қауымына қатысты, жаза туралы Сөз хақ болғандар тиетіндер .Анығында, олар зиянға ұшыраушылардан болды
وَلِكُلٍّ دَرَجَاتٌ مِمَّا عَمِلُوا ۖ وَلِيُوَفِّيَهُمْ أَعْمَالَهُمْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Әрі оларға амалдарының қайтарымын толық беруі үшін әркімге істеген амалдарына сай дәрежелері болады. Әрі оларға әділетсіздік етілмейді
وَيَوْمَ يُعْرَضُ الَّذِينَ كَفَرُوا عَلَى النَّارِ أَذْهَبْتُمْ طَيِّبَاتِكُمْ فِي حَيَاتِكُمُ الدُّنْيَا وَاسْتَمْتَعْتُمْ بِهَا فَالْيَوْمَ تُجْزَوْنَ عَذَابَ الْهُونِ بِمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَبِمَا كُنْتُمْ تَفْسُقُونَ
Ал, сондай күпірлік етушілер имансыздар Отқа келтірілген сол күні Оларға:«Сендер дүниелік өмірлерінде берілген жақсылықтарды ысырап еттіңдер және онымен рахаттандыңдар. Енді бүгін, құқықтарың болмаса да жер бетінде өздеріңді жоғары санағандықтарың және бұзықтықтарың бойсұнбауларың үшін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлайтын азап беріледі»,-делінеді

Choose other languages: