Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #53 Translated in Kazakh

فَإِذَا مَسَّ الْإِنْسَانَ ضُرٌّ دَعَانَا ثُمَّ إِذَا خَوَّلْنَاهُ نِعْمَةً مِنَّا قَالَ إِنَّمَا أُوتِيتُهُ عَلَىٰ عِلْمٍ ۚ بَلْ هِيَ فِتْنَةٌ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Қашан адамға бір зиян тиген кезде, ол Бізге жалбарынады. Содан кейін оған Өзімізден бір игілік берсек, сонда ол: «Шын мәнінде бүл маған білім негізінде берілді», дейді. Жоқ, олай емес, бұл бір сынақ, алайда олардың көпшілігі білмейді
قَدْ قَالَهَا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Мұны осындай сөздерді олардан бұрынғылар да айтқан еді. Сонда оларды істеп тапқандары құтқармады
فَأَصَابَهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا ۚ وَالَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْ هَٰؤُلَاءِ سَيُصِيبُهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا وَمَا هُمْ بِمُعْجِزِينَ
Оларға алдыңғыларға істеп тапқандарының жамандықтары тиді. Бұлардың ішіндегі әділетсіздерге де істеп тапқандарының жамандықтары тиеді. Әрі олар Аллаһтың жазасын, азабын әлсірете алмайды
أَوَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Олар Аллаһтың ризықты Өзі қалағанға жаятынын әрі шектеп қоятынын білмеді ме? Ақиқатында, мұнда иманды адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Ей, Мұхаммед! Айт Оларға Аллаһтың сөзін : «Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », деп

Choose other languages: