Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #54 Translated in Kazakh

قَدْ قَالَهَا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَمَا أَغْنَىٰ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Мұны осындай сөздерді олардан бұрынғылар да айтқан еді. Сонда оларды істеп тапқандары құтқармады
فَأَصَابَهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا ۚ وَالَّذِينَ ظَلَمُوا مِنْ هَٰؤُلَاءِ سَيُصِيبُهُمْ سَيِّئَاتُ مَا كَسَبُوا وَمَا هُمْ بِمُعْجِزِينَ
Оларға алдыңғыларға істеп тапқандарының жамандықтары тиді. Бұлардың ішіндегі әділетсіздерге де істеп тапқандарының жамандықтары тиеді. Әрі олар Аллаһтың жазасын, азабын әлсірете алмайды
أَوَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
Олар Аллаһтың ризықты Өзі қалағанға жаятынын әрі шектеп қоятынын білмеді ме? Ақиқатында, мұнда иманды адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Ей, Мұхаммед! Айт Оларға Аллаһтың сөзін : «Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », деп
وَأَنِيبُوا إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ الْعَذَابُ ثُمَّ لَا تُنْصَرُونَ
Әрі сендерге азап келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа күнәдан бас тартқан күйде қайтыңдар және Оған бағыныңдар. Одан кейін сендерге көмек берілмейді

Choose other languages: