Quran Apps in many lanuages:

Surah Az-Zamar Ayahs #57 Translated in Kazakh

قُلْ يَا عِبَادِيَ الَّذِينَ أَسْرَفُوا عَلَىٰ أَنْفُسِهِمْ لَا تَقْنَطُوا مِنْ رَحْمَةِ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ جَمِيعًا ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Ей, Мұхаммед! Айт Оларға Аллаһтың сөзін : «Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », деп
وَأَنِيبُوا إِلَىٰ رَبِّكُمْ وَأَسْلِمُوا لَهُ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ الْعَذَابُ ثُمَّ لَا تُنْصَرُونَ
Әрі сендерге азап келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа күнәдан бас тартқан күйде қайтыңдар және Оған бағыныңдар. Одан кейін сендерге көмек берілмейді
وَاتَّبِعُوا أَحْسَنَ مَا أُنْزِلَ إِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ الْعَذَابُ بَغْتَةً وَأَنْتُمْ لَا تَشْعُرُونَ
Әрі сендерге азап кенеттен және оны өздерің сезбеген хәлде келуден бұрын, өздеріңнің Раббыңнан түсірілген ең жақсыға Құранға еріндер
أَنْ تَقُولَ نَفْسٌ يَا حَسْرَتَا عَلَىٰ مَا فَرَّطْتُ فِي جَنْبِ اللَّهِ وَإِنْ كُنْتُ لَمِنَ السَّاخِرِينَ
«Аллаһқа қатысты қаперсіз болып, жеңіл қарағаным, мен үшін қандай өкініш! Мен мазақ етушілердің бірі болдым!» деп, жанның айтпауы үшін
أَوْ تَقُولَ لَوْ أَنَّ اللَّهَ هَدَانِي لَكُنْتُ مِنَ الْمُتَّقِينَ
немесе: «Егер де Аллаһ мені тура жолғасалғанда, онда мен де тақуалардан Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан! болар едім», демеуі үшін

Choose other languages: