Quran Apps in many lanuages:

Surah At-Tawba Ayahs #79 Translated in Kazakh

وَمِنْهُمْ مَنْ عَاهَدَ اللَّهَ لَئِنْ آتَانَا مِنْ فَضْلِهِ لَنَصَّدَّقَنَّ وَلَنَكُونَنَّ مِنَ الصَّالِحِينَ
Олардың ішінде: «Егер Ол, бізге Өз кеңшілігінен берсе, міндетті түрде садақа береміз әрі ізгілерден боламыз» деп, Аллаһқа серт бергендер де бар
فَلَمَّا آتَاهُمْ مِنْ فَضْلِهِ بَخِلُوا بِهِ وَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Ал оларға Өз кеңшілігінен берген кезде, олар оған Аллаһтың бергеніне сараңдық етті әрі серттерінен жалтарып, теріс бұрылды
فَأَعْقَبَهُمْ نِفَاقًا فِي قُلُوبِهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ يَلْقَوْنَهُ بِمَا أَخْلَفُوا اللَّهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ
Сонда Аллаһ олардың берген уәделерін бұзғандықтары әрі өтірік айтқандықтары үшін Өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне мұнафиқтық үялатты
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ سِرَّهُمْ وَنَجْوَاهُمْ وَأَنَّ اللَّهَ عَلَّامُ الْغُيُوبِ
Олар білмеді ме, Аллаһ олардың сырлары мен құпия әңгімелерін білетіндігін және Аллаһтың ғайыпты барлық жасырын нәрселерді білуші екенін
الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِي الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ فَيَسْخَرُونَ مِنْهُمْ ۙ سَخِرَ اللَّهُ مِنْهُمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Мүміндерден өз еркімен садақа берушілерді және шамаларының жеткенін ғана тауып бергендерді айыптап, оларды келеке ететіндерді Аллаһ масқара етеді. Әрі олар үшін қинаушы азап бар

Choose other languages: