Surah At-Tawba Ayahs #80 Translated in Kazakh
فَلَمَّا آتَاهُمْ مِنْ فَضْلِهِ بَخِلُوا بِهِ وَتَوَلَّوْا وَهُمْ مُعْرِضُونَ
Ал оларға Өз кеңшілігінен берген кезде, олар оған Аллаһтың бергеніне сараңдық етті әрі серттерінен жалтарып, теріс бұрылды
فَأَعْقَبَهُمْ نِفَاقًا فِي قُلُوبِهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ يَلْقَوْنَهُ بِمَا أَخْلَفُوا اللَّهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ
Сонда Аллаһ олардың берген уәделерін бұзғандықтары әрі өтірік айтқандықтары үшін Өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне мұнафиқтық үялатты
أَلَمْ يَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ سِرَّهُمْ وَنَجْوَاهُمْ وَأَنَّ اللَّهَ عَلَّامُ الْغُيُوبِ
Олар білмеді ме, Аллаһ олардың сырлары мен құпия әңгімелерін білетіндігін және Аллаһтың ғайыпты барлық жасырын нәрселерді білуші екенін
الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِي الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ فَيَسْخَرُونَ مِنْهُمْ ۙ سَخِرَ اللَّهُ مِنْهُمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Мүміндерден өз еркімен садақа берушілерді және шамаларының жеткенін ғана тауып бергендерді айыптап, оларды келеке ететіндерді Аллаһ масқара етеді. Әрі олар үшін қинаушы азап бар
اسْتَغْفِرْ لَهُمْ أَوْ لَا تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ إِنْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ سَبْعِينَ مَرَّةً فَلَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَهُمْ ۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَفَرُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
Ей, Мұхаммед! Олар мұнафиқтар үшін кешірім тілесең де, не кешірім тілемесең де, тіпті олар үшін жетпіс рет кешірім тілесең де Аллаһ оларды ешқашан кешірмейді. Бұл олардың Аллаһқа және Оның Елшісіне күпірлік еткендіктері сенбегендіктері, қарсылықтары себебінен. Аллаһ бұзық бойсұнбаушы адамдарды тура жолмен жүргізбейді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
