Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #19 Translated in Kazakh

وَلِلَّهِ يَسْجُدُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ طَوْعًا وَكَرْهًا وَظِلَالُهُمْ بِالْغُدُوِّ وَالْآصَالِ ۩
Аспандардағы және жердегі әрбіреу ерікті және еріксіз түрде, таңертең және күндіздің соңында 84 Аллаһқа сәжде жасайды әрі олардың көлеңкелері де
قُلْ مَنْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ قُلِ اللَّهُ ۚ قُلْ أَفَاتَّخَذْتُمْ مِنْ دُونِهِ أَوْلِيَاءَ لَا يَمْلِكُونَ لِأَنْفُسِهِمْ نَفْعًا وَلَا ضَرًّا ۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الْأَعْمَىٰ وَالْبَصِيرُ أَمْ هَلْ تَسْتَوِي الظُّلُمَاتُ وَالنُّورُ ۗ أَمْ جَعَلُوا لِلَّهِ شُرَكَاءَ خَلَقُوا كَخَلْقِهِ فَتَشَابَهَ الْخَلْقُ عَلَيْهِمْ ۚ قُلِ اللَّهُ خَالِقُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аспандардың және жердің Раббысы кім?» деп. Айт: «Аллаһ!» деп. Айт: «Сендер өздеріне не пайда, не зиян келтіре алмайтын біреулерді, Одан өзге қамқоршылар етіп алдыңдар ма?» деп. Айт: «Соқыр мен көруші тең бе немесе қараңғылықтар мен жарық тең бе? Я болмаса, олар Аллаһқа, Оның жаратқанындай жарататын, жаратулары Аллаһтың жаратуына ұқсас келетін ортақтар қоса ма?» деп. Айт: «Аллаһ барлық нәрсенің Жаратушысы. Әрі Ол Жалғыз, Біреу , бәрін Бағындырушы »
أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَسَالَتْ أَوْدِيَةٌ بِقَدَرِهَا فَاحْتَمَلَ السَّيْلُ زَبَدًا رَابِيًا ۚ وَمِمَّا يُوقِدُونَ عَلَيْهِ فِي النَّارِ ابْتِغَاءَ حِلْيَةٍ أَوْ مَتَاعٍ زَبَدٌ مِثْلُهُ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ اللَّهُ الْحَقَّ وَالْبَاطِلَ ۚ فَأَمَّا الزَّبَدُ فَيَذْهَبُ جُفَاءً ۖ وَأَمَّا مَا يَنْفَعُ النَّاسَ فَيَمْكُثُ فِي الْأَرْضِ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ
Ол аспаннан су түсіріп, аңғарлар өз мөлшеріне сай суға толды. Сонда, сел көпірген көбіктерді алып кетті. Сондай-ақ олардың әшекей немесе бір бұйым жасауды қалап, от ішіне салып еріткендерінен де сондай көбік пайда болады. Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылай етіп келтіреді. Көбік тарап жоғалады да адамдарға пайда келтіретін нәрсе жерде қалады. Аллаһ мысалдарды міне осылай береді
لِلَّذِينَ اسْتَجَابُوا لِرَبِّهِمُ الْحُسْنَىٰ ۚ وَالَّذِينَ لَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُ لَوْ أَنَّ لَهُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لَافْتَدَوْا بِهِ ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ سُوءُ الْحِسَابِ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَبِئْسَ الْمِهَادُ
Өздерінің Раббысына жауап бергендер үшін ең жақсысы Жәннат бар. Ал, Оған жауап бермегендер, жердегі нәрселердің барлығы және сонымен бірге тағы сондай нәрсе өздерінде болса, құтылу үшін оны өтем етіп төлер еді. Міне, осыларға есептің жаманы болады, олардың тұрағы Жаһаннам. Ол неткен жаман орын
أَفَمَنْ يَعْلَمُ أَنَّمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ الْحَقُّ كَمَنْ هُوَ أَعْمَىٰ ۚ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ
Ей, Мұхаммед! Саған Раббыңнан түсірілгеннің ақиқат екенін білетін адам, соқыр адам секілді ме? Негізінде, мұны ақыл иелері естеріне алады

Choose other languages: