Quran Apps in many lanuages:

Surah Ar-Rad Ayahs #21 Translated in Kazakh

أَنْزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَسَالَتْ أَوْدِيَةٌ بِقَدَرِهَا فَاحْتَمَلَ السَّيْلُ زَبَدًا رَابِيًا ۚ وَمِمَّا يُوقِدُونَ عَلَيْهِ فِي النَّارِ ابْتِغَاءَ حِلْيَةٍ أَوْ مَتَاعٍ زَبَدٌ مِثْلُهُ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ اللَّهُ الْحَقَّ وَالْبَاطِلَ ۚ فَأَمَّا الزَّبَدُ فَيَذْهَبُ جُفَاءً ۖ وَأَمَّا مَا يَنْفَعُ النَّاسَ فَيَمْكُثُ فِي الْأَرْضِ ۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ
Ол аспаннан су түсіріп, аңғарлар өз мөлшеріне сай суға толды. Сонда, сел көпірген көбіктерді алып кетті. Сондай-ақ олардың әшекей немесе бір бұйым жасауды қалап, от ішіне салып еріткендерінен де сондай көбік пайда болады. Аллаһ ақиқат пен жалғанды осылай етіп келтіреді. Көбік тарап жоғалады да адамдарға пайда келтіретін нәрсе жерде қалады. Аллаһ мысалдарды міне осылай береді
لِلَّذِينَ اسْتَجَابُوا لِرَبِّهِمُ الْحُسْنَىٰ ۚ وَالَّذِينَ لَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُ لَوْ أَنَّ لَهُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لَافْتَدَوْا بِهِ ۚ أُولَٰئِكَ لَهُمْ سُوءُ الْحِسَابِ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَبِئْسَ الْمِهَادُ
Өздерінің Раббысына жауап бергендер үшін ең жақсысы Жәннат бар. Ал, Оған жауап бермегендер, жердегі нәрселердің барлығы және сонымен бірге тағы сондай нәрсе өздерінде болса, құтылу үшін оны өтем етіп төлер еді. Міне, осыларға есептің жаманы болады, олардың тұрағы Жаһаннам. Ол неткен жаман орын
أَفَمَنْ يَعْلَمُ أَنَّمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ الْحَقُّ كَمَنْ هُوَ أَعْمَىٰ ۚ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَابِ
Ей, Мұхаммед! Саған Раббыңнан түсірілгеннің ақиқат екенін білетін адам, соқыр адам секілді ме? Негізінде, мұны ақыл иелері естеріне алады
الَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَلَا يَنْقُضُونَ الْمِيثَاقَ
Солар Аллаһпен болған уәделерін орындайтын әрі келісімдерін бұзбайтындар
وَالَّذِينَ يَصِلُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَنْ يُوصَلَ وَيَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ وَيَخَافُونَ سُوءَ الْحِسَابِ
және солар Аллаһ жалғануын бұйырғанды жалғайтын және өздерінің Раббысынан қорқатын әрі Есептің жаман болуынан қауіптенетіндер

Choose other languages: