Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #21 Translated in Kazakh

يَعِظُكُمُ اللَّهُ أَنْ تَعُودُوا لِمِثْلِهِ أَبَدًا إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһ сендерге, осындай нәрселерге ешқашан қайтпауларыңды насихат етеді
وَيُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمُ الْآيَاتِ ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Әрі Аллаһ сендерге аяттарды түсіндіреді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
إِنَّ الَّذِينَ يُحِبُّونَ أَنْ تَشِيعَ الْفَاحِشَةُ فِي الَّذِينَ آمَنُوا لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Анығында, иманға келгендер жайлы жиіркенішті нәрсенің таралуын жақсы көретіндерге, осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер
وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ وَأَنَّ اللَّهَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ
Әрі егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі және Оның мейірімі болмағанында еді, анығында, Аллаһ өте Мейірбан, ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ وَمَنْ يَتَّبِعْ خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ فَإِنَّهُ يَأْمُرُ بِالْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ ۚ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ مَا زَكَىٰ مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ أَبَدًا وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يُزَكِّي مَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Шайтанның ізімен жүрмеңдер. Кім шайтанның ізімен жүрсе, ол жиіркенішті іске және қайтарылған тыйым салынған нәрселерге бұйырады. Егер де Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, сендерден ешкім де ешқашан тазармаған болар еді. Алайда Аллаһ Өзі қалағанды Өз кеңшілігімен тазартады. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші

Choose other languages: