Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nur Ayahs #22 Translated in Kazakh

وَيُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمُ الْآيَاتِ ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Әрі Аллаһ сендерге аяттарды түсіндіреді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
إِنَّ الَّذِينَ يُحِبُّونَ أَنْ تَشِيعَ الْفَاحِشَةُ فِي الَّذِينَ آمَنُوا لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Анығында, иманға келгендер жайлы жиіркенішті нәрсенің таралуын жақсы көретіндерге, осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер
وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ وَأَنَّ اللَّهَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ
Әрі егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі және Оның мейірімі болмағанында еді, анығында, Аллаһ өте Мейірбан, ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّبِعُوا خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ ۚ وَمَنْ يَتَّبِعْ خُطُوَاتِ الشَّيْطَانِ فَإِنَّهُ يَأْمُرُ بِالْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ ۚ وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ مَا زَكَىٰ مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ أَبَدًا وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يُزَكِّي مَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Шайтанның ізімен жүрмеңдер. Кім шайтанның ізімен жүрсе, ол жиіркенішті іске және қайтарылған тыйым салынған нәрселерге бұйырады. Егер де Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, сендерден ешкім де ешқашан тазармаған болар еді. Алайда Аллаһ Өзі қалағанды Өз кеңшілігімен тазартады. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
وَلَا يَأْتَلِ أُولُو الْفَضْلِ مِنْكُمْ وَالسَّعَةِ أَنْ يُؤْتُوا أُولِي الْقُرْبَىٰ وَالْمَسَاكِينَ وَالْمُهَاجِرِينَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۖ وَلْيَعْفُوا وَلْيَصْفَحُوا ۗ أَلَا تُحِبُّونَ أَنْ يَغْفِرَ اللَّهُ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Сендердің араларыңдағы жомарт әрі дәулеттілер жақындарына, кедейлерге және Аллаһ жолында қоныс аударғандарға ешнәрсе бермеуге ант етпесін. Кешірімді болып, кеңшілік етсін. Сендер Аллаһтың өздеріңді кешіргенін жақсы көрмейсіңдер ме? Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді

Choose other languages: