Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #74 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ الْفَضْلُ مِنَ اللَّهِ ۚ وَكَفَىٰ بِاللَّهِ عَلِيمًا
Міне, осы Аллаһтың кеңшілігі. Аллаһ Білуші ретінде жеткілікті
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا خُذُوا حِذْرَكُمْ فَانْفِرُوا ثُبَاتٍ أَوِ انْفِرُوا جَمِيعًا
Ей, иманға келгендер! Сақтық шараларын ұстаныңдар да жауға топтармен аттаныңдар немесе жаппай аттаныңдар
وَإِنَّ مِنْكُمْ لَمَنْ لَيُبَطِّئَنَّ فَإِنْ أَصَابَتْكُمْ مُصِيبَةٌ قَالَ قَدْ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيَّ إِذْ لَمْ أَكُنْ مَعَهُمْ شَهِيدًا
Ақиқатында, сендердің араларында аялдап, қалып қоятын бар. Сонда сендерге, егер бір қиыншылық келсе, ол: «Аллаһ мені олармен бірге болдырмай, маған игілік көрсеткен екен», деп айтады
وَلَئِنْ أَصَابَكُمْ فَضْلٌ مِنَ اللَّهِ لَيَقُولَنَّ كَأَنْ لَمْ تَكُنْ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُ مَوَدَّةٌ يَا لَيْتَنِي كُنْتُ مَعَهُمْ فَأَفُوزَ فَوْزًا عَظِيمًا
Ал, егер сендерге Аллаһтан жеңіс келсе, ол сендер мен өзінің арасында ешбір достық байланыс болмағандай: «Қап! Олармен бірге болсам ғой, сонда бір зор табысқа кенелер едім», деп айтады
فَلْيُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ الَّذِينَ يَشْرُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا بِالْآخِرَةِ ۚ وَمَنْ يُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيُقْتَلْ أَوْ يَغْلِبْ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا
Осы өмірдің орнына соңғы мәңгілік өмірді ақиретті сатып алатындар Аллаһ жолында шайқассын. Кім Аллаһ жолында шайқасып, өлтірілсе немесе жеңіс жетсе, жақында оған бір ұлы сый береміз

Choose other languages: