Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #77 Translated in Kazakh

وَلَئِنْ أَصَابَكُمْ فَضْلٌ مِنَ اللَّهِ لَيَقُولَنَّ كَأَنْ لَمْ تَكُنْ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُ مَوَدَّةٌ يَا لَيْتَنِي كُنْتُ مَعَهُمْ فَأَفُوزَ فَوْزًا عَظِيمًا
Ал, егер сендерге Аллаһтан жеңіс келсе, ол сендер мен өзінің арасында ешбір достық байланыс болмағандай: «Қап! Олармен бірге болсам ғой, сонда бір зор табысқа кенелер едім», деп айтады
فَلْيُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ الَّذِينَ يَشْرُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا بِالْآخِرَةِ ۚ وَمَنْ يُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَيُقْتَلْ أَوْ يَغْلِبْ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا
Осы өмірдің орнына соңғы мәңгілік өмірді ақиретті сатып алатындар Аллаһ жолында шайқассын. Кім Аллаһ жолында шайқасып, өлтірілсе немесе жеңіс жетсе, жақында оған бір ұлы сый береміз
وَمَا لَكُمْ لَا تُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَالْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاءِ وَالْوِلْدَانِ الَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْ هَٰذِهِ الْقَرْيَةِ الظَّالِمِ أَهْلُهَا وَاجْعَلْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ وَلِيًّا وَاجْعَلْ لَنَا مِنْ لَدُنْكَ نَصِيرًا
Сендерге Аллаһ жолында және: «Раббымыз! Бізді тұрғындары әділетсіз болған осы қаладан шығар және бізге Өз тарапыңнан бір қамқоршы қыла гөр әрі бізге Өз тарапыңнан бір жәрдемші бере гөр», деп айтатын шамасыз қалған ерлер, әйелдер және балалар үшін соғыспайтындай не болды
الَّذِينَ آمَنُوا يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۖ وَالَّذِينَ كَفَرُوا يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ الطَّاغُوتِ فَقَاتِلُوا أَوْلِيَاءَ الشَّيْطَانِ ۖ إِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَعِيفًا
Иманға келгендер Аллаһтың жолында соғысады. Ал, күпірлік етушілер имансыздар болса, тағұт шайтан жолында соғысады. Ендеше, сендер шайтанның жақтастарымен соғысыңдар! Ақиқатында шайтанның айла-тәсілі әлсіз
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ قِيلَ لَهُمْ كُفُّوا أَيْدِيَكُمْ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ إِذَا فَرِيقٌ مِنْهُمْ يَخْشَوْنَ النَّاسَ كَخَشْيَةِ اللَّهِ أَوْ أَشَدَّ خَشْيَةً ۚ وَقَالُوا رَبَّنَا لِمَ كَتَبْتَ عَلَيْنَا الْقِتَالَ لَوْلَا أَخَّرْتَنَا إِلَىٰ أَجَلٍ قَرِيبٍ ۗ قُلْ مَتَاعُ الدُّنْيَا قَلِيلٌ وَالْآخِرَةُ خَيْرٌ لِمَنِ اتَّقَىٰ وَلَا تُظْلَمُونَ فَتِيلًا
Өздеріне: «Қолдарыңды соғыстан тыйыңдар, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындаңдар және зекетті беріңдер» деп айтылғандарды көрмедің бе? Қашан оларға соғыс міндеттелген кезде, олардың бір тобы адамдардан Аллаһтан қорыққандай немесе одан да қатты қорқады. Сондай-ақ олар: «Раббымыз! Бізге не үшін соғысуды жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктіргеніңде еді», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Бұл өмірден пайдалану арзымас нәрсе ғана. Ал, соңғы, мәңгілік өмір ақирет тақуалар Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар үшін қайырлы, сендерге құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды», деп

Choose other languages: