Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #69 Translated in Kazakh

فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ حَتَّىٰ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لَا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا
Жоқ! Ей, Мұхаммед! Раббыңмен ант етемін! Олар өзара дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнғанға дейін иманға келмейді
وَلَوْ أَنَّا كَتَبْنَا عَلَيْهِمْ أَنِ اقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ أَوِ اخْرُجُوا مِنْ دِيَارِكُمْ مَا فَعَلُوهُ إِلَّا قَلِيلٌ مِنْهُمْ ۖ وَلَوْ أَنَّهُمْ فَعَلُوا مَا يُوعَظُونَ بِهِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ وَأَشَدَّ تَثْبِيتًا
Егер де Біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер немесе жұрттарыңнан шығыңдар!» деп міндеттегенде, мұны олардың азырағынан басқасы орындамас еді. Олар өздеріне наси­хат етілгенді орындағанда, бұл өздері үшін қайырлы болып, оларды бекіте түсер еді
وَإِذًا لَآتَيْنَاهُمْ مِنْ لَدُنَّا أَجْرًا عَظِيمًا
Сонда оларға Өз қасымыздан бір ұлы сый беретін едік
وَلَهَدَيْنَاهُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا
Әрі оларды тура жолмен жүргізетін едік
وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَٰئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاءِ وَالصَّالِحِينَ ۚ وَحَسُنَ أُولَٰئِكَ رَفِيقًا
Кім Аллаһқа және Елшіге бойсұнса, міне, солар Аллаһ игілікке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар шәһидтер және ізгілермен бірге болады. Олар қандай жақсы жолдас

Choose other languages: