Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #68 Translated in Kazakh

وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا لِيُطَاعَ بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَلَوْ أَنَّهُمْ إِذْ ظَلَمُوا أَنْفُسَهُمْ جَاءُوكَ فَاسْتَغْفَرُوا اللَّهَ وَاسْتَغْفَرَ لَهُمُ الرَّسُولُ لَوَجَدُوا اللَّهَ تَوَّابًا رَحِيمًا
Әрі біз әрбір Елшіні Аллаһтың рұқсатымен, адамдардың оған бағынулары үшін ғана жібердік. Егер де олар адамдар өздеріне әділетсіздік еткен кезде, саған келіп Аллаһтан кешірім тілесе әрі Елші де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді екенін көретін еді
فَلَا وَرَبِّكَ لَا يُؤْمِنُونَ حَتَّىٰ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لَا يَجِدُوا فِي أَنْفُسِهِمْ حَرَجًا مِمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُوا تَسْلِيمًا
Жоқ! Ей, Мұхаммед! Раббыңмен ант етемін! Олар өзара дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнғанға дейін иманға келмейді
وَلَوْ أَنَّا كَتَبْنَا عَلَيْهِمْ أَنِ اقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ أَوِ اخْرُجُوا مِنْ دِيَارِكُمْ مَا فَعَلُوهُ إِلَّا قَلِيلٌ مِنْهُمْ ۖ وَلَوْ أَنَّهُمْ فَعَلُوا مَا يُوعَظُونَ بِهِ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ وَأَشَدَّ تَثْبِيتًا
Егер де Біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер немесе жұрттарыңнан шығыңдар!» деп міндеттегенде, мұны олардың азырағынан басқасы орындамас еді. Олар өздеріне наси­хат етілгенді орындағанда, бұл өздері үшін қайырлы болып, оларды бекіте түсер еді
وَإِذًا لَآتَيْنَاهُمْ مِنْ لَدُنَّا أَجْرًا عَظِيمًا
Сонда оларға Өз қасымыздан бір ұлы сый беретін едік
وَلَهَدَيْنَاهُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا
Әрі оларды тура жолмен жүргізетін едік

Choose other languages: