Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #32 Translated in Kazakh

يُرِيدُ اللَّهُ أَنْ يُخَفِّفَ عَنْكُمْ ۚ وَخُلِقَ الْإِنْسَانُ ضَعِيفًا
Аллаһ сендерге жеңілдетуді қалайды. Ал адам баласы әлсіз етіп жаратылған
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ إِلَّا أَنْ تَكُونَ تِجَارَةً عَنْ تَرَاضٍ مِنْكُمْ ۚ وَلَا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا
Ей, иманға келгендер! Мал-дүниелеріңді өзара жалғандықпен жемеңдер. Тек келісімдеріңмен болған араларыңдағы сауданың жөні бөлек. және өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер. Ақиқатында, Аллаһ сендерге ерекше Мейірімді
وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ عُدْوَانًا وَظُلْمًا فَسَوْفَ نُصْلِيهِ نَارًا ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا
Ал, кім осыны дұшпандық және әділетсіздікпен істесе, кейін оны Отта жағамыз. Бұл Аллаһ үшін жеңіл
إِنْ تَجْتَنِبُوا كَبَائِرَ مَا تُنْهَوْنَ عَنْهُ نُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَنُدْخِلْكُمْ مُدْخَلًا كَرِيمًا
Егер өздеріңе тыйым салынған нәрселердің үлкендерінен қашық болсаңдар, онда жамандықтарыңды өшіріп, сендерді құрметті бір орынға жәннатқа кіргіземіз
وَلَا تَتَمَنَّوْا مَا فَضَّلَ اللَّهُ بِهِ بَعْضَكُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ لِلرِّجَالِ نَصِيبٌ مِمَّا اكْتَسَبُوا ۖ وَلِلنِّسَاءِ نَصِيبٌ مِمَّا اكْتَسَبْنَ ۚ وَاسْأَلُوا اللَّهَ مِنْ فَضْلِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
Аллаһ біріңді-біріңнен артық еткен нәрселерді қаламаңдар. Ерлерге тапқандарынан үлес бар, сондай-ақ, әйелдерге де тапқандарынан үлес бар. Аллаһтан, Оның кеңшілігінен сұраңдар. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші

Choose other languages: