Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #35 Translated in Kazakh

إِنْ تَجْتَنِبُوا كَبَائِرَ مَا تُنْهَوْنَ عَنْهُ نُكَفِّرْ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَنُدْخِلْكُمْ مُدْخَلًا كَرِيمًا
Егер өздеріңе тыйым салынған нәрселердің үлкендерінен қашық болсаңдар, онда жамандықтарыңды өшіріп, сендерді құрметті бір орынға жәннатқа кіргіземіз
وَلَا تَتَمَنَّوْا مَا فَضَّلَ اللَّهُ بِهِ بَعْضَكُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ لِلرِّجَالِ نَصِيبٌ مِمَّا اكْتَسَبُوا ۖ وَلِلنِّسَاءِ نَصِيبٌ مِمَّا اكْتَسَبْنَ ۚ وَاسْأَلُوا اللَّهَ مِنْ فَضْلِهِ ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا
Аллаһ біріңді-біріңнен артық еткен нәрселерді қаламаңдар. Ерлерге тапқандарынан үлес бар, сондай-ақ, әйелдерге де тапқандарынан үлес бар. Аллаһтан, Оның кеңшілігінен сұраңдар. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
وَلِكُلٍّ جَعَلْنَا مَوَالِيَ مِمَّا تَرَكَ الْوَالِدَانِ وَالْأَقْرَبُونَ ۚ وَالَّذِينَ عَقَدَتْ أَيْمَانُكُمْ فَآتُوهُمْ نَصِيبَهُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدًا
Әрбір адамға ата-анасы мен туыстары қалдырған нәрседен мирас алатындарды белгіледік. Өздеріңмен ант арқылы байласқандарға үлестерін беріңдер. Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә Шаһид
الرِّجَالُ قَوَّامُونَ عَلَى النِّسَاءِ بِمَا فَضَّلَ اللَّهُ بَعْضَهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ وَبِمَا أَنْفَقُوا مِنْ أَمْوَالِهِمْ ۚ فَالصَّالِحَاتُ قَانِتَاتٌ حَافِظَاتٌ لِلْغَيْبِ بِمَا حَفِظَ اللَّهُ ۚ وَاللَّاتِي تَخَافُونَ نُشُوزَهُنَّ فَعِظُوهُنَّ وَاهْجُرُوهُنَّ فِي الْمَضَاجِعِ وَاضْرِبُوهُنَّ ۖ فَإِنْ أَطَعْنَكُمْ فَلَا تَبْغُوا عَلَيْهِنَّ سَبِيلًا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيًّا كَبِيرًا
Ер адамдар әйелдерді Аллаһ Оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті басқарады. Ізгі әйелдер бойсұнушы әрі Аллаһтың қорғауымен күйеуі жоқ кезде аманатты сақтаушы. Ал, өздерің бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде бір уақыт! тастап қойындар және оларды батырмай ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Аллаһ аса Жоғары, өте Үлкен
وَإِنْ خِفْتُمْ شِقَاقَ بَيْنِهِمَا فَابْعَثُوا حَكَمًا مِنْ أَهْلِهِ وَحَكَمًا مِنْ أَهْلِهَا إِنْ يُرِيدَا إِصْلَاحًا يُوَفِّقِ اللَّهُ بَيْنَهُمَا ۗ إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلِيمًا خَبِيرًا
Егер де екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, ер жағынан бір төреші мен әйел жағынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі төрешілер жарастыруды қаласа, Аллаһ Оларға көмектеседі. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар

Choose other languages: