Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nisa Ayahs #113 Translated in Kazakh

هَا أَنْتُمْ هَٰؤُلَاءِ جَادَلْتُمْ عَنْهُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فَمَنْ يُجَادِلُ اللَّهَ عَنْهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَمْ مَنْ يَكُونُ عَلَيْهِمْ وَكِيلًا
Міне, сендер осы өмірде олар опасыздар жайында тартыстыңдар. Ал енді, Қайта тірілу күні олар жайында Аллаһпен кім тартыспақ? Немесе оларға кім қорғаушы болып араша түспек
وَمَنْ يَعْمَلْ سُوءًا أَوْ يَظْلِمْ نَفْسَهُ ثُمَّ يَسْتَغْفِرِ اللَّهَ يَجِدِ اللَّهَ غَفُورًا رَحِيمًا
Кім бір жамандық істеп немесе өзіне әділетсіздік етіп, содан кейін Аллаһтан кешірім сұраса, Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін көреді
وَمَنْ يَكْسِبْ إِثْمًا فَإِنَّمَا يَكْسِبُهُ عَلَىٰ نَفْسِهِ ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمًا
Кім бір күнә істесе, шын мәнінде оны өзінің зиянына істейді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
وَمَنْ يَكْسِبْ خَطِيئَةً أَوْ إِثْمًا ثُمَّ يَرْمِ بِهِ بَرِيئًا فَقَدِ احْتَمَلَ بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا
Ал кім бір қателік немесе күнә жасап, оны жазықсыз біреуге жапса, анығында, ол өзіне жаланың жүгін және анық күнәні артады
وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكَ وَرَحْمَتُهُ لَهَمَّتْ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ أَنْ يُضِلُّوكَ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ ۖ وَمَا يَضُرُّونَكَ مِنْ شَيْءٍ ۚ وَأَنْزَلَ اللَّهُ عَلَيْكَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَعَلَّمَكَ مَا لَمْ تَكُنْ تَعْلَمُ ۚ وَكَانَ فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكَ عَظِيمًا
Ей, Мұхаммед! Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты сүннетті түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен

Choose other languages: