Surah An-Nisa Ayahs #116 Translated in Kazakh
وَمَنْ يَكْسِبْ خَطِيئَةً أَوْ إِثْمًا ثُمَّ يَرْمِ بِهِ بَرِيئًا فَقَدِ احْتَمَلَ بُهْتَانًا وَإِثْمًا مُبِينًا
Ал кім бір қателік немесе күнә жасап, оны жазықсыз біреуге жапса, анығында, ол өзіне жаланың жүгін және анық күнәні артады
وَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكَ وَرَحْمَتُهُ لَهَمَّتْ طَائِفَةٌ مِنْهُمْ أَنْ يُضِلُّوكَ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ ۖ وَمَا يَضُرُّونَكَ مِنْ شَيْءٍ ۚ وَأَنْزَلَ اللَّهُ عَلَيْكَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَعَلَّمَكَ مَا لَمْ تَكُنْ تَعْلَمُ ۚ وَكَانَ فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكَ عَظِيمًا
Ей, Мұхаммед! Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты сүннетті түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен
لَا خَيْرَ فِي كَثِيرٍ مِنْ نَجْوَاهُمْ إِلَّا مَنْ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوْ مَعْرُوفٍ أَوْ إِصْلَاحٍ بَيْنَ النَّاسِ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ ابْتِغَاءَ مَرْضَاتِ اللَّهِ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا
Құпия сұхбаттардың көбінде еш қайыр жоқ. Тек кім Аллаһқа жақындау мақсатында садақа беруді немесе құпталғанды, не адамдардың арасын жарастыруды бұйырған болмаса. Кім бұны Аллаһтың ризалығын іздеп істесе, жақында оған ұлы сый береміз
وَمَنْ يُشَاقِقِ الرَّسُولَ مِنْ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُ الْهُدَىٰ وَيَتَّبِعْ غَيْرَ سَبِيلِ الْمُؤْمِنِينَ نُوَلِّهِ مَا تَوَلَّىٰ وَنُصْلِهِ جَهَنَّمَ ۖ وَسَاءَتْ مَصِيرًا
Кім өзіне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы келсе, сондай-ақ имандылардың мүміндердің жолынан басқа жолға ерсе, оны бұрылған жағына бұрып қоямыз да кейін Жаһаннамда жандырамыз. Ол қайтар орын ретінде қандай жаман
إِنَّ اللَّهَ لَا يَغْفِرُ أَنْ يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَٰلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ ۚ وَمَنْ يُشْرِكْ بِاللَّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا بَعِيدًا
Анығында, Аллаһ Өзіне серік қосуды кешірмейді. Ал одан өзгені күнәларды қалағанына кешіреді. Кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, өте ұзақ адасумен адасты
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
