Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumtahana Ayahs #4 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ تُلْقُونَ إِلَيْهِمْ بِالْمَوَدَّةِ وَقَدْ كَفَرُوا بِمَا جَاءَكُمْ مِنَ الْحَقِّ يُخْرِجُونَ الرَّسُولَ وَإِيَّاكُمْ ۙ أَنْ تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ رَبِّكُمْ إِنْ كُنْتُمْ خَرَجْتُمْ جِهَادًا فِي سَبِيلِي وَابْتِغَاءَ مَرْضَاتِي ۚ تُسِرُّونَ إِلَيْهِمْ بِالْمَوَدَّةِ وَأَنَا أَعْلَمُ بِمَا أَخْفَيْتُمْ وَمَا أَعْلَنْتُمْ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْهُ مِنْكُمْ فَقَدْ ضَلَّ سَوَاءَ السَّبِيلِ
Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды имансыздарды өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де мойындамаса да , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар жауларымды дос тұтпаңдар . Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады
إِنْ يَثْقَفُوكُمْ يَكُونُوا لَكُمْ أَعْدَاءً وَيَبْسُطُوا إِلَيْكُمْ أَيْدِيَهُمْ وَأَلْسِنَتَهُمْ بِالسُّوءِ وَوَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ
Егер олар сендерді кездестірсе, сендерге жау болып, сендерге жамандықпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді әрі сендердің күпірлік етушілерден имансыздардан болғандарыңды қалайды
لَنْ تَنْفَعَكُمْ أَرْحَامُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ ۚ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يَفْصِلُ بَيْنَكُمْ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Сендерге өздеріңнің туыстарың да, балаларың да Қиямет күні еш пайда бермейді. Қайта тірілу күні Ол араларыңды ажыратады. Аллаһ не істеп жатқандарыңды көріп тұрушы
قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّىٰ تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ إِلَّا قَوْلَ إِبْرَاهِيمَ لِأَبِيهِ لَأَسْتَغْفِرَنَّ لَكَ وَمَا أَمْلِكُ لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ ۖ رَبَّنَا عَلَيْكَ تَوَكَّلْنَا وَإِلَيْكَ أَنَبْنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ
Анығында, сендер үшін Ибраһимде және онымен бірге болғандарда көркем өнеге бар. Олар еліне: «Негізінде біз сендерден де, Аллаһтан өзге табынатындарыңнан да бас тартамыз. Біз сендердің діндеріңді мойындамаймыз. Қашан Аллаһтың жалғыз Өзіне сенгендеріңше, сендер мен біздің арамызда мәңгі дұшпандық әрі өшпенділік орнады», деді. Бірақ Ибраһимнің өз әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін кешірім тілеймін. Бірақ сен үшін Аллаһтың алдында ешнәрсеге ие бола алмаймын», деген сөзі ғана бұған кірмейді. Олар!: «Раббымыз! Біз Өзіңе жүгініп, саған ісімізді тапсырдық тәуекел еттік және Өзіңе бойсұнуға қайттық тәубе еттік , әрі қайтуымыз Саған

Choose other languages: