Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumtahana Ayahs #6 Translated in Kazakh

إِنْ يَثْقَفُوكُمْ يَكُونُوا لَكُمْ أَعْدَاءً وَيَبْسُطُوا إِلَيْكُمْ أَيْدِيَهُمْ وَأَلْسِنَتَهُمْ بِالسُّوءِ وَوَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ
Егер олар сендерді кездестірсе, сендерге жау болып, сендерге жамандықпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді әрі сендердің күпірлік етушілерден имансыздардан болғандарыңды қалайды
لَنْ تَنْفَعَكُمْ أَرْحَامُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ ۚ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يَفْصِلُ بَيْنَكُمْ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Сендерге өздеріңнің туыстарың да, балаларың да Қиямет күні еш пайда бермейді. Қайта тірілу күні Ол араларыңды ажыратады. Аллаһ не істеп жатқандарыңды көріп тұрушы
قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّىٰ تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ إِلَّا قَوْلَ إِبْرَاهِيمَ لِأَبِيهِ لَأَسْتَغْفِرَنَّ لَكَ وَمَا أَمْلِكُ لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ ۖ رَبَّنَا عَلَيْكَ تَوَكَّلْنَا وَإِلَيْكَ أَنَبْنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ
Анығында, сендер үшін Ибраһимде және онымен бірге болғандарда көркем өнеге бар. Олар еліне: «Негізінде біз сендерден де, Аллаһтан өзге табынатындарыңнан да бас тартамыз. Біз сендердің діндеріңді мойындамаймыз. Қашан Аллаһтың жалғыз Өзіне сенгендеріңше, сендер мен біздің арамызда мәңгі дұшпандық әрі өшпенділік орнады», деді. Бірақ Ибраһимнің өз әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін кешірім тілеймін. Бірақ сен үшін Аллаһтың алдында ешнәрсеге ие бола алмаймын», деген сөзі ғана бұған кірмейді. Олар!: «Раббымыз! Біз Өзіңе жүгініп, саған ісімізді тапсырдық тәуекел еттік және Өзіңе бойсұнуға қайттық тәубе еттік , әрі қайтуымыз Саған
رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا فِتْنَةً لِلَّذِينَ كَفَرُوا وَاغْفِرْ لَنَا رَبَّنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Раббымыз! Бізді күпірлік етушілерге имансыздарға сынақ етпе және бізді кешір. Раббымыз! Ақиқатында Сен бәрінен Үстем, аса Данасың»
لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِيهِمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّ فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Ақиқатында, сендер үшін, Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер үшін, оларда көркем өнеге болды. Ал, кім теріс бұрылса, әлбетте Аллаһ Бай, Мұқтажсыз , Мақтауға лайық

Choose other languages: