Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumtahana Ayahs #9 Translated in Kazakh

رَبَّنَا لَا تَجْعَلْنَا فِتْنَةً لِلَّذِينَ كَفَرُوا وَاغْفِرْ لَنَا رَبَّنَا ۖ إِنَّكَ أَنْتَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Раббымыз! Бізді күпірлік етушілерге имансыздарға сынақ етпе және бізді кешір. Раббымыз! Ақиқатында Сен бәрінен Үстем, аса Данасың»
لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِيهِمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّ فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Ақиқатында, сендер үшін, Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер үшін, оларда көркем өнеге болды. Ал, кім теріс бұрылса, әлбетте Аллаһ Бай, Мұқтажсыз , Мақтауға лайық
عَسَى اللَّهُ أَنْ يَجْعَلَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ الَّذِينَ عَادَيْتُمْ مِنْهُمْ مَوَدَّةً ۚ وَاللَّهُ قَدِيرٌ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Аллаһтың сендер мен олардың ішінен өздерің жауласып жүргендердің арасында сүйіспеншілік орнатуы мүмкін. Аллаһ бәріне Күші жетуші. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
لَا يَنْهَاكُمُ اللَّهُ عَنِ الَّذِينَ لَمْ يُقَاتِلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَلَمْ يُخْرِجُوكُمْ مِنْ دِيَارِكُمْ أَنْ تَبَرُّوهُمْ وَتُقْسِطُوا إِلَيْهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ
Аллаһ дін тұрғысында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Шын мәнінде Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді
إِنَّمَا يَنْهَاكُمُ اللَّهُ عَنِ الَّذِينَ قَاتَلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَأَخْرَجُوكُمْ مِنْ دِيَارِكُمْ وَظَاهَرُوا عَلَىٰ إِخْرَاجِكُمْ أَنْ تَوَلَّوْهُمْ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Негізінде, Аллаһ, сендерді тек дін тұрғысында сендермен соғысқандармен, жұрттарыңнан қуып шыққандармен және сендерді қуып шығуға көмектескендермен дос болуларыңа тыйым салады. Ал, кім олармен дос болса, міне, солар әділетсіздер

Choose other languages: