Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumtahana Ayahs #10 Translated in Kazakh

لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِيهِمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الْآخِرَ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّ فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ
Ақиқатында, сендер үшін, Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер үшін, оларда көркем өнеге болды. Ал, кім теріс бұрылса, әлбетте Аллаһ Бай, Мұқтажсыз , Мақтауға лайық
عَسَى اللَّهُ أَنْ يَجْعَلَ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَ الَّذِينَ عَادَيْتُمْ مِنْهُمْ مَوَدَّةً ۚ وَاللَّهُ قَدِيرٌ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Аллаһтың сендер мен олардың ішінен өздерің жауласып жүргендердің арасында сүйіспеншілік орнатуы мүмкін. Аллаһ бәріне Күші жетуші. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
لَا يَنْهَاكُمُ اللَّهُ عَنِ الَّذِينَ لَمْ يُقَاتِلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَلَمْ يُخْرِجُوكُمْ مِنْ دِيَارِكُمْ أَنْ تَبَرُّوهُمْ وَتُقْسِطُوا إِلَيْهِمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ
Аллаһ дін тұрғысында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Шын мәнінде Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді
إِنَّمَا يَنْهَاكُمُ اللَّهُ عَنِ الَّذِينَ قَاتَلُوكُمْ فِي الدِّينِ وَأَخْرَجُوكُمْ مِنْ دِيَارِكُمْ وَظَاهَرُوا عَلَىٰ إِخْرَاجِكُمْ أَنْ تَوَلَّوْهُمْ ۚ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Негізінде, Аллаһ, сендерді тек дін тұрғысында сендермен соғысқандармен, жұрттарыңнан қуып шыққандармен және сендерді қуып шығуға көмектескендермен дос болуларыңа тыйым салады. Ал, кім олармен дос болса, міне, солар әділетсіздер
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا جَاءَكُمُ الْمُؤْمِنَاتُ مُهَاجِرَاتٍ فَامْتَحِنُوهُنَّ ۖ اللَّهُ أَعْلَمُ بِإِيمَانِهِنَّ ۖ فَإِنْ عَلِمْتُمُوهُنَّ مُؤْمِنَاتٍ فَلَا تَرْجِعُوهُنَّ إِلَى الْكُفَّارِ ۖ لَا هُنَّ حِلٌّ لَهُمْ وَلَا هُمْ يَحِلُّونَ لَهُنَّ ۖ وَآتُوهُمْ مَا أَنْفَقُوا ۚ وَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ إِذَا آتَيْتُمُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ ۚ وَلَا تُمْسِكُوا بِعِصَمِ الْكَوَافِرِ وَاسْأَلُوا مَا أَنْفَقْتُمْ وَلْيَسْأَلُوا مَا أَنْفَقُوا ۚ ذَٰلِكُمْ حُكْمُ اللَّهِ ۖ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Қашан сендерге иманды әйелдер қоныс аударып келсе, оларды тексеріп көріңдер. Аллаһ олардың имандарын жақсы біледі. Сонда егер олардың иманды әйелдер екенін білсеңдер, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Себебі бұлар иманды әйелдер оларға кәпірлерге рұқсат етілмейді, әрі олар да кәпірлер бұларға иманды әйелдерге рұқсат етілмейді. Оларға кәпірлерге жұмсағандарын беріңдер. Қашан бұларға әйелдерге мәһрлерін сыйларын берсендер, оларды некелеріңе алуларың сендерге күнә емес. кәпір әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. Оларға бергендеріңді сұраңдар, олар да бергендерін сұрасын. Бұл Аллаһтың үкімі. Ол араларыңа үкім етеді. Аллаһ бәрін Білуші, өте Дана

Choose other languages: