Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #31 Translated in Kazakh

وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ ابْنَيْ آدَمَ بِالْحَقِّ إِذْ قَرَّبَا قُرْبَانًا فَتُقُبِّلَ مِنْ أَحَدِهِمَا وَلَمْ يُتَقَبَّلْ مِنَ الْآخَرِ قَالَ لَأَقْتُلَنَّكَ ۖ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ اللَّهُ مِنَ الْمُتَّقِينَ
Ей, Мұхаммед!! Оларға Адамның екі ұлының хабарын ақиқатпен оқып бер. Сол кезде ол екеуі Аллаһқа жақындау үшін беретіндерін құрбандықтарын ұсынды. Сонда олардың бірінен қабыл етіліп, екіншісінен қабыл етілмеді. Қабыл етілмегені : «Мен сені міндетті түрде өлтіремін», деді. Қабыл етілгені : «Шын мәнінде, Аллаһ тақуалардан Раббысың жазасынан қорқып, сақтанушылардан ғана қабыл етеді
لَئِنْ بَسَطْتَ إِلَيَّ يَدَكَ لِتَقْتُلَنِي مَا أَنَا بِبَاسِطٍ يَدِيَ إِلَيْكَ لِأَقْتُلَكَ ۖ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ رَبَّ الْعَالَمِينَ
Егер де сен мені өлтіру үшін қолыңды созсаң да көтерсең де , мен сені өлтіру үшін қолымды созбаймын көтермеймін . Анығында, мен әлемдердің Раббысы Аллаһ­тан қорқамын
إِنِّي أُرِيدُ أَنْ تَبُوءَ بِإِثْمِي وَإِثْمِكَ فَتَكُونَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ ۚ وَذَٰلِكَ جَزَاءُ الظَّالِمِينَ
Мен сенің, маған қарсы жасаған күнәңді және өз күнәңді көтеріп, оттағылардан тозақтағылардан болуыңды қалаймын», деді. бұл әділетсіздердің жазасы
فَطَوَّعَتْ لَهُ نَفْسُهُ قَتْلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُ فَأَصْبَحَ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Сол кезде оның құрбандығықабыл етілмегенінің жаны оған өз бауырын өлтіруге итермелеп, ол оны өлтірді де зиян шегушілерден болды
فَبَعَثَ اللَّهُ غُرَابًا يَبْحَثُ فِي الْأَرْضِ لِيُرِيَهُ كَيْفَ يُوَارِي سَوْءَةَ أَخِيهِ ۚ قَالَ يَا وَيْلَتَا أَعَجَزْتُ أَنْ أَكُونَ مِثْلَ هَٰذَا الْغُرَابِ فَأُوَارِيَ سَوْءَةَ أَخِي ۖ فَأَصْبَحَ مِنَ النَّادِمِينَ
Сонда Аллаһ оған бауырының мүрдесін қалай жасыруды көрсету үшін жер қазған бір қарға жіберді. Ол: «Қап, мен бауырымның мүрдесін жасыру үшін мына қарға құрлы бола алмадым ба?» деп, өкінушілерден болды

Choose other languages: