Surah Al-Maeda Ayahs #33 Translated in Kazakh
إِنِّي أُرِيدُ أَنْ تَبُوءَ بِإِثْمِي وَإِثْمِكَ فَتَكُونَ مِنْ أَصْحَابِ النَّارِ ۚ وَذَٰلِكَ جَزَاءُ الظَّالِمِينَ
Мен сенің, маған қарсы жасаған күнәңді және өз күнәңді көтеріп, оттағылардан тозақтағылардан болуыңды қалаймын», деді. бұл әділетсіздердің жазасы
فَطَوَّعَتْ لَهُ نَفْسُهُ قَتْلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُ فَأَصْبَحَ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Сол кезде оның құрбандығықабыл етілмегенінің жаны оған өз бауырын өлтіруге итермелеп, ол оны өлтірді де зиян шегушілерден болды
فَبَعَثَ اللَّهُ غُرَابًا يَبْحَثُ فِي الْأَرْضِ لِيُرِيَهُ كَيْفَ يُوَارِي سَوْءَةَ أَخِيهِ ۚ قَالَ يَا وَيْلَتَا أَعَجَزْتُ أَنْ أَكُونَ مِثْلَ هَٰذَا الْغُرَابِ فَأُوَارِيَ سَوْءَةَ أَخِي ۖ فَأَصْبَحَ مِنَ النَّادِمِينَ
Сонда Аллаһ оған бауырының мүрдесін қалай жасыруды көрсету үшін жер қазған бір қарға жіберді. Ол: «Қап, мен бауырымның мүрдесін жасыру үшін мына қарға құрлы бола алмадым ба?» деп, өкінушілерден болды
مِنْ أَجْلِ ذَٰلِكَ كَتَبْنَا عَلَىٰ بَنِي إِسْرَائِيلَ أَنَّهُ مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الْأَرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا ۚ وَلَقَدْ جَاءَتْهُمْ رُسُلُنَا بِالْبَيِّنَاتِ ثُمَّ إِنَّ كَثِيرًا مِنْهُمْ بَعْدَ ذَٰلِكَ فِي الْأَرْضِ لَمُسْرِفُونَ
Осы себептен Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны бір адамды тірілтсе тірі қалуына септігі тисе , адамдардың барлығын тірілткендей болады», деп жаздық. Ақиқатында оларға елшілеріміз анық дәлелдермен келді. Содан кейін де олардың көбісі жер жүзінде шектен шығады
إِنَّمَا جَزَاءُ الَّذِينَ يُحَارِبُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَسْعَوْنَ فِي الْأَرْضِ فَسَادًا أَنْ يُقَتَّلُوا أَوْ يُصَلَّبُوا أَوْ تُقَطَّعَ أَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُمْ مِنْ خِلَافٍ أَوْ يُنْفَوْا مِنَ الْأَرْضِ ۚ ذَٰلِكَ لَهُمْ خِزْيٌ فِي الدُّنْيَا ۖ وَلَهُمْ فِي الْآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Ақиқатында, Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы соғысатындардың әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасауға ұмтылатындардың жазасы олардың өлтірілуі не керіп тасталуы, не қол-аяқтарының қиғашталып оң қол мен сол аяқ, сол қол мен оң аяқ кесілуі немесе жер айдалуы. Бұл олар үшін осы өмірдегі қорлық. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте! оларға өте үлкен азап бар
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
