Surah Al-Kahf Ayahs #61 Translated in Kazakh
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ ذُكِّرَ بِآيَاتِ رَبِّهِ فَأَعْرَضَ عَنْهَا وَنَسِيَ مَا قَدَّمَتْ يَدَاهُ ۚ إِنَّا جَعَلْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ أَكِنَّةً أَنْ يَفْقَهُوهُ وَفِي آذَانِهِمْ وَقْرًا ۖ وَإِنْ تَدْعُهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ فَلَنْ يَهْتَدُوا إِذًا أَبَدًا
Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген теріс амалдарын күнәларын ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді
وَرَبُّكَ الْغَفُورُ ذُو الرَّحْمَةِ ۖ لَوْ يُؤَاخِذُهُمْ بِمَا كَسَبُوا لَعَجَّلَ لَهُمُ الْعَذَابَ ۚ بَلْ لَهُمْ مَوْعِدٌ لَنْ يَجِدُوا مِنْ دُونِهِ مَوْئِلًا
Әрі Раббың әл-Ғафур өте кешірімді , кең мейірім Иесі. Егер де Ол оларды істеп тапқандары күнәлары үшін қолға алар болса, онда оларға азапты тездетер еді. Алайда, олар үшін уәделі бір мерзім бар. Олар Одан өзге пана қорғаныш таба алмайды
وَتِلْكَ الْقُرَىٰ أَهْلَكْنَاهُمْ لَمَّا ظَلَمُوا وَجَعَلْنَا لِمَهْلِكِهِمْ مَوْعِدًا
Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَاهُ لَا أَبْرَحُ حَتَّىٰ أَبْلُغَ مَجْمَعَ الْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبًا
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», деді
فَلَمَّا بَلَغَا مَجْمَعَ بَيْنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ سَرَبًا
Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол балық із салып теңізге жол алды
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
