Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #60 Translated in Kazakh

وَمَا نُرْسِلُ الْمُرْسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ ۚ وَيُجَادِلُ الَّذِينَ كَفَرُوا بِالْبَاطِلِ لِيُدْحِضُوا بِهِ الْحَقَّ ۖ وَاتَّخَذُوا آيَاتِي وَمَا أُنْذِرُوا هُزُوًا
Әрі Біз елшілерді қуандырушы және ескертуші етіп қана жібереміз. Ал, сондай күпірлік етушілер иманнан бас тартқандар ақиқатты жоққа шығару үшін жалғанның көмегімен дауласады. Олар Менің аят-белгілерімді және өздеріне ескертілгендерді келеке етеді
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنْ ذُكِّرَ بِآيَاتِ رَبِّهِ فَأَعْرَضَ عَنْهَا وَنَسِيَ مَا قَدَّمَتْ يَدَاهُ ۚ إِنَّا جَعَلْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ أَكِنَّةً أَنْ يَفْقَهُوهُ وَفِي آذَانِهِمْ وَقْرًا ۖ وَإِنْ تَدْعُهُمْ إِلَى الْهُدَىٰ فَلَنْ يَهْتَدُوا إِذًا أَبَدًا
Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген теріс амалдарын күнәларын ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді
وَرَبُّكَ الْغَفُورُ ذُو الرَّحْمَةِ ۖ لَوْ يُؤَاخِذُهُمْ بِمَا كَسَبُوا لَعَجَّلَ لَهُمُ الْعَذَابَ ۚ بَلْ لَهُمْ مَوْعِدٌ لَنْ يَجِدُوا مِنْ دُونِهِ مَوْئِلًا
Әрі Раббың әл-Ғафур өте кешірімді , кең мейірім Иесі. Егер де Ол оларды істеп тапқандары күнәлары үшін қолға алар болса, онда оларға азапты тездетер еді. Алай­да, олар үшін уәделі бір мерзім бар. Олар Одан өзге пана қорғаныш таба алмайды
وَتِلْكَ الْقُرَىٰ أَهْلَكْنَاهُمْ لَمَّا ظَلَمُوا وَجَعَلْنَا لِمَهْلِكِهِمْ مَوْعِدًا
Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَاهُ لَا أَبْرَحُ حَتَّىٰ أَبْلُغَ مَجْمَعَ الْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبًا
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», деді

Choose other languages: