Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #63 Translated in Kazakh

وَتِلْكَ الْقُرَىٰ أَهْلَكْنَاهُمْ لَمَّا ظَلَمُوا وَجَعَلْنَا لِمَهْلِكِهِمْ مَوْعِدًا
Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَاهُ لَا أَبْرَحُ حَتَّىٰ أَبْلُغَ مَجْمَعَ الْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبًا
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», деді
فَلَمَّا بَلَغَا مَجْمَعَ بَيْنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ سَرَبًا
Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол балық із салып теңізге жол алды
فَلَمَّا جَاوَزَا قَالَ لِفَتَاهُ آتِنَا غَدَاءَنَا لَقَدْ لَقِينَا مِنْ سَفَرِنَا هَٰذَا نَصَبًا
Екеуі ілгері кеткен кезде, ол жанындағы жігітке: «Түскі тамағымызды әкел, бұл сапарымызда шаршадық», деді
قَالَ أَرَأَيْتَ إِذْ أَوَيْنَا إِلَى الصَّخْرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ الْحُوتَ وَمَا أَنْسَانِيهُ إِلَّا الشَّيْطَانُ أَنْ أَذْكُرَهُ ۚ وَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ عَجَبًا
Ол: «Жартасты паналаған кезіміз есіңде ме? Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды. Ал ол балық болса, теңізге таңғажайып түрде жол алды», деді

Choose other languages: