Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #83 Translated in Kazakh

فَوَيْلٌ لِلَّذِينَ يَكْتُبُونَ الْكِتَابَ بِأَيْدِيهِمْ ثُمَّ يَقُولُونَ هَٰذَا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ لِيَشْتَرُوا بِهِ ثَمَنًا قَلِيلًا ۖ فَوَيْلٌ لَهُمْ مِمَّا كَتَبَتْ أَيْدِيهِمْ وَوَيْلٌ لَهُمْ مِمَّا يَكْسِبُونَ
Кітапты Тәуратты өз қолдарымен бұрмалап жазып, содан кейін онымен дүниелік болмашы бағаны сатып алу үшін: «Бұл Аллаһтан келген », дейтіндерге қасірет бар! Қолдарымен жазғандары үшін оларға үлкен қасірет бар! Әрі табыстары үшін де оларға үлкен қасірет бар
وَقَالُوا لَنْ تَمَسَّنَا النَّارُ إِلَّا أَيَّامًا مَعْدُودَةً ۚ قُلْ أَتَّخَذْتُمْ عِنْدَ اللَّهِ عَهْدًا فَلَنْ يُخْلِفَ اللَّهُ عَهْدَهُ ۖ أَمْ تَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Әрі олар: «От бізге санаулы күндер ғана тиеді», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһтан уәде алдыңдар ма? Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Аллаһтың атынан білмейтіндеріңді айтасыңдар ма?» деп
بَلَىٰ مَنْ كَسَبَ سَيِّئَةً وَأَحَاطَتْ بِهِ خَطِيئَتُهُ فَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Жоқ, олай емес! Кім жамандық істесе және күнәсі оны орап алса, міне, солар Отта тозақта болатындар. Олар онда мәңгі қалады
وَالَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَنَّةِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандар, бұлар Жәннатқа кіретіндер.Олар онда мәңгі қалады
وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَ بَنِي إِسْرَائِيلَ لَا تَعْبُدُونَ إِلَّا اللَّهَ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَذِي الْقُرْبَىٰ وَالْيَتَامَىٰ وَالْمَسَاكِينِ وَقُولُوا لِلنَّاسِ حُسْنًا وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا مِنْكُمْ وَأَنْتُمْ مُعْرِضُونَ
Кезінде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан басқаға құлшылықжасамайсыңдар, ата-анаға, туысқандарға, жетімдерге және кедейлерге жақсылық істейсіңдер, адамдарға жақсы сөз айтасыңдар, намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындайсыңдар және зекетті бересіңдер», деп уәдесін алдық. Содан кейін азғантайыңнан өзгелерің, ол серттен бас тартқан күйде, теріс айналдыңдар

Choose other languages: